Тіл тағлымы

…Қазақта жазу, сызу болмаған соң, жалғыз­ақ табиғаттың законына ерген, сондықтан тіл азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған. Мәселен, «малдар» деп айтып көріңіз, «маллар» деп айтып көріңіз. «Малдар» дегенде тілде кідіріс жоқ, тек жеңіл өте шығады. «Маллар» дегенде тертеге оралған шыбыртқыдай тілімізді қақитып алуымыз қиын. Бұл орынсыз жерде тұрған «л­дың» айтуға кемшілігі, естуге кемшілігі тағы бар. «Малдар» дегенде тіліміз таңдайға тірелмей, тиіп кәне өтеді, «маллар» дегенде тіліміз таңдайға тіреліп, аузымыздың қуысын бітеп тастайды. Қамаудағы дыбыс пен ашықтағы дыбыс екеуі бірдей болмайды. Ашықтағы дыбыс ашық, көркем шығады. Қамаудағы дыбыс ажарсыз шығады.
(А. Байтұрсынов. «Тіл тағлымы»)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *