Айтыс II том |
Албасты – әлемдік фольклорда кең тараған бейне. Ғылымда бұл образдың шығу тарихы туралы екі түрлі пікір бар: 1) оны жас босанған немесе толғақ үстіндегі әйелге және нәрестеге қаскөй күш ретінде таниды; 2) анаеркі дәуірінің ықпалы ыдырағаннан кейін жағымсыз бейнеге айналған әйел образы деп бағалайды.
Ебліс− Ібіліс – Құдайдың қарғысына ұшыраған, адамды азғыруды мақсат ететін сайтан. Шайтан, әзәзіл атауларының баламасы ретінде қолданылатын Ібіліс аса көп тағат-ғибадатымен ежелгі аңыздарда айтылғандай, үш жүз мың жылдық білімді иеленіп, періштелерге сабақ үйреткен. Кейіннен осынша зор біліміне мастанған ол тәкаппарлық дертіне ұшырап, тәубасын ұмытқан. Тәкаппарлығы соншалық кейіннен тағат-ғибадатпен де ісі болмай кеткен. Адам атаға сәжде жасамағаны үшін Құдайдың қаһарына ұшырап, лағынет қамытын киген. Хауа ана мен Адам атаны азғырып, жұмақтан шығуына себепкер болған Ібіліс адамзатқа тек дұшпандық ойлайды.
Түрікпен мен Түктіқұрт – мифтерде кездесетін әулие, даналар.
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ БЕЙНЕЛЕР
Айтыс II том