СӨЗДІК

Азбан – бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен кестірілген еркек мал; айғыр.

Арсы (ғаршы) – мифтік сана бойынша, жеті қат көк үстіндегі тақ орны. Құдайға лайықты құрметті орын мағынасында.

Асай-Мұсай – шығыс елдерінде дінге байланысты айтылатын Мұса пайғамбардың қасиетті таяғы; асатяқ.

Аткелдейін – актілейін /акт/. Ескерту: Ноғайбай Сүлейменұлының айтысына қатысты осы сөзді филология ғылымдарының докторы, проф. Тұрсын Жұртбай дау- шарға қатысты куәға тартып жасалатын «ісқағаз», акті болуы керек деп түсіндірген. Әзәзіл – шайтан, Ібіліс қатарындағы қаскөй рух.

Әйкел − әйелдер мойнына тағатын алқа.

Әулекі − даңғаза, есерсоқ.

Әуірі – көңілдің құмары, желігі.

Баз, паз /п/ – қаршыға тектес асыл едім деген мағынада.

Батбан – батпан.

Баһар /п/ − көктем маусымы.

Без билет, безбелет /о/ − безбилетный – билетсіз, бұл арада: жөнсіз жүрсің деген мағынада.

Бейпоз − кейбір нұсқаларда бейбоз, жанпоз бұлбұлы екен делінеді.

Бейрәһім – рақымсыз.

Бейхая /а/ − ұятсыз.

Беке − жаман су, шалшық.

Бексұлы − вексель /неміс/ − ақшалық міндеттемесі бар құжат.

Бент – бәнд /п/ – бекіту, байлау мағынасында.

Бидайық – астық тұқымдас көпжылдық жабайы өсімдік; бұл арада: қаршыға тұқымдас ең қыран құс.

Бұлдырық – құр тұқымдас, сұр түсті қарабауыр кішкентай дала құсы.

Бұт – пұт.

Градыспен – градус /латын/ − шама, деңгей.

Ғазал /а/ – 1) өлең; 2) үні.

Делбекезек – жылқы түлігінде кездесетін кесел.

Дорақ – дурак /о/ – ақымақ.

Дуан – бір уездік көлемдегі ауқымдық бекініс, аймақ.

Дүр – күрт, қауырт, бірден.

Желқом – жауыр аттың арқасына ер батпау үшін желдік үстінен қабаттап салынған қалың киіз, жауыр атқа салынатын ортасы ойық тоқым.

Жүзтайлақ – ұзатылғанда төркінінен жүз ақ тайлақ.

Здавайттап /о/ − сдавать − ұстап беру.

Зәуіқайыр – кездейсоқ.

Зеңберек – зеңбірек.

Ителгі – сары шұбар, қанаты ұзын, мойны ақ жағал, кішкене қыран құс.

Калиматтай – Аллаға жалбарыну, Құрандағы бір аяттың аты.

Кебенек – 1) сырт киім. Ертеректе жауынгерлер, малшылар жауын-шашыннан, бораннан қорғану үшін киген. Жұқа киізден тігіледі, шапан тәрізді болып келеді; 2) ешкі ғана ауыратын жұқпалы індет.

Кезқұйрық – ұсақ жәндіктермен, өлекселермен қоректенетін жыртқыш дала құсы.

Көнек – Бие саууға арналған көннен жасалған шүмегі бар ыдыс.

Көрдемше /жерг./ – некесіз туылған жас бала, нәресте.

Күйкентай − орманды дала алқабын мекендейтін қырғи тұқымдас қыран құс.

Күпір /а/ – діннен шығу, дін жолынан адасу.

Кірсиян, крестьян /о/ – шаруа.

Кірісі – кіріс: садақтың керме бауы.

Қаукерім – қауқар.

Қашаған – қашып, ұстатпайтын бие.

Мағрұр − алданған; меншіл, мақтаншақ, тәкаппар.

Мәнжубас – топас, ақымақ.

Мәрту, мәрпу − ішірткі, дәрі.

Мөңке – сазанның кішірек түрі; тұнық, таза суларда ең көп тараған балық.

Мұқам /а/ – мақам, сөзді ырғағына келтіріп айту.

Мықдарыңа (миқдат, миқтар) − өлшем, шама, саны.

Намақұл – мақұл көрмей.

Нәтсіз – нәті: нәсілі, тегі.

Нығмет /а/ − бақыт.

Палитса – полиция /ежелгі грек/.

Панар – фонарь /ежелгі грек/ − жарық, сәуле.

Пар /о/ − тең.

Пружинасыз – пружина /о/− ширатылған темір сым.

Пірқадан /а/ − бұл арада: қай жіктен, қай бағыттасың деген мағынада.

Пітінә – аласа, қортық, мәстек.

Рас-Рап /а/ − биік, мәртебелі орынға ие болу.

Самсөз – сөз таппай, дағдару.

Сарыжа, саржа – сүйекпен әшекейленген әдемі садақ; жақ.

Сахи – жомарт.

Сиыр, барыс – бұл жерде: жыл аттары ретінде қолданылған.

Соқтадай, соқталдай – үлкен, дәу, ірі денелі адам.

Сүлей – жыршы, суырыпсалма.

Таңдасы − ертеңі деген мағынада.

Таһазір − кешірім сұрау сылтауы, себебі; болмайтынын, мүмкін емес екендігін мойындау, әлсіздік, дәрменсіздік.

Тәзір − сөгіс, ұрсу, кінәлау, айыптау; жаза, жазалау.

Топайы, топай – жылқының бақайшақ сүйегі; ірі қара малдың асығы.

Торғын − қымбат бағалы жұқа жібек мата, торқа.

Тулақ – төсеніш ретінде қолданылатын, жүні алынбаған мал терісі, кептірілген көнтері. Көбіне ірі қараның, құлынның терісінен жасалады.

Тұйғын – қаз, үйрек аулап, қоректенетін лашын тұқымдас жыртқыш құс.

Уажып /а/ – істеуге міндетті болған іс.

Үкірдай – Қытайдағы ел билеушілердің болыс дәрежесіндегі лауазымы.

Часабай /о/ – часовой – күзетші.

Шалығы – шалық – шала.

Шаһуат − аса күшті; тілек, арман; құмарлық, ынтызарлық; сезімталдық.

Шор – денеде қатып қалған ісік.

Шорағай – тайыз суларда мекендейтін шортан.

Штат – сайлау мағынасында.

Шұлғау – қонышты аяқ киімнің ішінен аяққа орайтын қалың мата.

Шүлен – мырза, дарқан, жомарт кісі. Шүлен таратты – барын мырзалық етіп үлестірді.

Шытыр − сортаңдау далада өсетін гүлі ұсақ шөптесін өсімдік.

Шығуана /а/ − мезі болу, ығыр болу.

Ілескер Құсбегі – Қоқанның әскер басы, бегі деген мағынада.

Янды – қайтты.

                                                                                                                            381

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *