ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ƏДЕБИЕТ ПƏНІНІҢ МАҢЫЗЫ

ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ƏДЕБИЕТ ПƏНІНІҢ МАҢЫЗЫ

 

А.А. Абуғалиева

 

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің жəне қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бəсекеге қабілетті жəне құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру», — деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлығы құндылықты-бағдарлы, мəдениет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті, ақпараттық-технологиялық, əлеуметтік-еңбек жəне тұлғаны өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығыда белгіленген.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің ұлттың бəсекелестікке қабілеттілік деңгейі оның білімінде» дегенін естен шығармауымыз керек. Олай болса, білім адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-əрекет тəсілдерін игеру, дағды, іскерлікті дамыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.

Сонымен тұлға дегеніміз кім?

Тұлға — ол қалыптасқан эстетикалық талғамы жоғары, өрісі кең, рухы биік, өзінөзі дамыта алатын, əлеуметтік белсенділігі жоғары азамат.

Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше əлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тəуелді

Қай кезде болмасын ұрпақ тəрбиесін қазақ халқы өзекті мəселе ретінде бағалаған. Осы орайда А. Құнанбайұлы «Он тоғызыншы» қара сөзінде: «Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып, ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» — деп баланың социумда жинаған тəжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді. Ағартушы М. Жұмабаев тұлға мəселесін қарастырғанда: «Тəрбие деген – баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Баланы тəрбиелі қылу – тұрмыс майданында ақылмен, əдіспен күресе білетін адам шығару, қаласа – өзін, барлық адам баласын əділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз».

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мəселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы əсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді одан əрі демократияландыру, ізгілендіру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-əдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Мұндай өзгерістер мен талаптардың бірі – еліміздегі 12 жылдық білім беру.

Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттердің қалыптаспағандығын дəлелдейді.

Жалпы білім беретін мектептерде проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерді басшылыққа алуда. Құзыретті қалыптастырудағы басты əрекет – сабақ үрдісі, сабақтан тыс шаралар. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» – деген Ж. Аймауытовтың пікірі қазіргі таңда оқушыларға тəрбие мен білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру керектігін міндеттегендей.

12 жылдық оқыту құзыреттіліктеріне сай тұлға тəрбиелеуде оқушының шығармашылық құзыреттілігін жан-жақты дамытуды басты назарда ұстаған жөн.

Өйткені шығармашыл тұлға – жаңа білім талаптарына жауап бере алатын тұлға.

М. Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нəрсеге айналмақ. Мылқау өмірге мəн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүл қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тəңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, баланы  шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруда мұғалім өзінің фантазиясын бала қиялымен ұштастыру керек. Ол үшін əр заманның өз ортасын, өз келбетін бала көз алдына қиялдау арқылы елестетеді. Бұл əр адам сезіміне əсер етеді, не оның жүрегін тебірентеді, терең ойға жетелейді. Əйтеуір, іште түлеген ойын бір толқын сыртқа шығаруға итермелейді. Осы жағдайға байланысты оқушыларға төмендегідей сұрақтарды қою арқылы олардың ішкі сезімдеріне əсер ету керек.

Шығармашыл мүмкіндігі мол, белсенді, икемді алғыр оқушылар – орта буында көптеп кездеседі. Өйткені орта буын оқушыларына əр нəрсе қызық, жағымды, аңғарымпаз, сезімдері сергек қасиеттер тəн. Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам. Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам? Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін.

1.   Сұлтанмахмұт неге жұлдыз емес күн болуды армандады?

2.   Елдің жүрегі неге мұздаған?

3.   Қазақ билерінің, Абай мен Махамбеттің заманы қандай болды?

4.   Өздерің сияқты мектеп партасында отырды ма? Мұғалімдері болды ма?

5.   Ұлыларды би еткен, ақын еткен қандай жағдай, қандай орта?

6.   Құнанбай бойындағы жағымсыз қасиеттер қазіргі заман адамының «Жеке тұлға» болуы үшін қажет пе?

Осындай проблемалық сұрақтар оқушы бойына жағдаяттан шыға білу  құзыреттілігін қалыптастырады. Коммуникативті құзыреттілікке өздерін қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасы, топпен жұмыс жасау біліктілігі, ұжымда əр түрлі рөлдерді меңгеруі жатады.

Əдебиет сабағында жүргізілетін «автор стиліне жақындап, еліктей отырып  шығармашылық жұмыс жүргізу», «мəтін бойынша мақал құрастыру», «белгілі бір мəтін негізінде мəтін жазу», «табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ шығару», «белгілі бір тақырыпта ойтолғау жазу», «берілген тірек сөздер арқылы мəтін құрастыру», «ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару», «ертегіні аяқтау» секілді шығармашылық жұмыстар оқушы танымын арттырып, оқу-танымдық, ақпаратты технологиялық жəне өзін-өзі дамыту, коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруда маңызы зор.

Эдисон: «Өркениеттің басты міндеті – адамды ойлауға үйрету» дегендей, оқыту  технологияларының iшiнде cыни тұpғыдaн ойлау стратегиясының aлaтын opны еpекше деп oйлaймын. Өйткенi cыни тұpғыдaн oйлaу – Қaзaқcтaндaғы бiлiм беpудi дaмыту үшiн мaңызды бoлып тaбылaтын қaзipгi ең бacты педaгoгикaлық түciнiк. Cыни тұpғыдaн oйлaу – бaқылaудың тəжipибенiң, oйлaу мен тaлқылaудың нəтижеciнде aлынғaн aқпapaтты oйлaуғa, бaғaлaуғa, тaлдaуғa жəне cинтездеуге бaғыттaлғaн пəндiк шешiм. Cыни тұpғыдaн oйлaу көбiнеcе қapcы пiкip aйтуғa, бaлaмaлы шешiмдеpдi қaбылдaуғa, oйлaу жəне ic-əpекетiмiзге жaңa немеcе түpлендipiлген тəciлдеpдi енгiзуге дaйын бoлуғa, ұйымдacтыpылғaн қoғaмдық əpекеттеpге жəне бacқaлapды cыни тұpғыдaн oйлaуғa жетелейді.Сын тұpғыcынaн ойлау стратегиясының элементтері – oқушының еpкiн cөйлеуiне, пiкip aлмacуынa, дocтapының oйын тыңдaуғa, пpoблемaны шешу жoлдapын iздей oтыpып, қиындықты шешуге бaғыттaлғaн бaғдapлaмa.

Білім берудегі «құзыреттілік» бағыты – нəтижеге бағытталған білім берудің

негізгі 

құралына айналдыру, сол арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау

мұғалімдердің алдында тұрған басты міндет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *