ҚАЗАҚ ТІЛІ  МЕН ƏДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ƏДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ  МЕН ƏДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ƏДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ

 

А.М. Жунусова

 

Қазіргі білім беру ордаларындағы ұстаздар алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тəрбие үрдісіне тиімді пайдалану əрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі білім ордаларындағы қазақ тілі мен əдебиетін оқыту теориясы мен əдістемесінің педагогикалық мəселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу əрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту əдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына əсерін тигізеді. «Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі – жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тəрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаздар қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пəнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. 

Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді.

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уəлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мəдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға – əрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің əрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тəуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ. 

Бүгінгі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Себебі білім саласындағы түбегейлі өзгерістер мен жаңа бастамалар білім беру мазмұнының жаңаруына, білім беру парадигмасында жаңа көзқарасқа жол ашты. Жалпы инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Ғалымдардың еңбектерінде инновация термині «өзгеріс», «жаңа», «жаңалық енгізу» деген ұғымдармен түсіндіріледі. «Инновация» ұғымын ғалым Немеребай Нұрахметов: «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. 

«Білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық əлемге қарай жылжыған заманда оқушыға білім беру барысында мұғалім инновациялық əдістəсілдерді қолдана отырып, оқушының білім алуға өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеруіне қарай бағыттап отыруына жағдай туғызу керек. Мұғалім жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, əлемдік білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал етуші, қоғамның қозғаушы генераторына айналуы тиіс.

Қазіргі таңда инновациялық технологиялардың көптеген түрлері бар. Атап айтсақ модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жəне т.б.

Қазақ тілі сабағы əрі тартымды, əрі қызықты, əрі сапалы болуы əр пəн оқытушыларының өзіне, білім деңгейіне, кəсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан сабақ тартымды, əсерлі, қызықты жəне толық мəнді болуы тиіс. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды байлықтарын таныпбілу арқылы  танымдық құзіреттілікті қалыптастыру іске асырылады. Қазақ тілі сабағында əдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асады.

Өйткені бұл жаңа технологиялар баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жанжақты дамуына бағытталған.

Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К.Роджерс жасаған əдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.

Яғни, олар:

•        Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;

•        Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;

•        Оқу əрекетін ұйымдастыра алу;

•        Диалог жүргізе алу;

•        Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу,

•        Мақсаттың нəтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуға жаңа технологиялық əдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу əрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пəн арқылы берілгендіктен, əр пəнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын ең маңызды мəселе болып келгені даусыз. Əрине, терең білім де, материалдың игеруге қолайлылығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нəтижесіз болды деп айтуға болмайды.

Мектепте білім беру сапасын дамытудың басты бағдарларының бірі – оқушылардың білімділік деңгейін бағалау технологиясын жаңашаландыру болып белгіленді. Оқушылардың білімін бағалау мəселесі өзекті тақырып ретінде көп зерттеліп келеді. 

Қазақ тілінен оқушылардың білімін шынайылықпен бағалаудың мақсаты:

—  оқушылардың оқу қызметі нəтижесінде қолы жеткен шынайы ақпарат туралы мəлімет алуы жəне ол табыстарының білім беру стандарттарының талаптарына сəйкес келуі;

—  мұғалімнің оқу қызметіндегі жайлы жəне теріс үрдістерді анықтау;

—  оқушылардың қол жеткен табыстарының жоғары не төмен көрсеткіште болу себептерін нақтылау жəне оларды болашақта түзету амалдарын қарастыру.

Ұстаз үшін ең басты мəселе – оқыту əдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақты жоспарлы қолданудың тиімділігі. Мұнда əр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. 

Осы технологияны сабақта қолданудағы негізгі мақсат:

•                оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау;

•                оқу мен тəрбиенің бірлігі;

•                оқушының танымдық жəне шығармашылық икемділігін дамыту;

•                оқушының танымдық күшін қалыптастыру жəне дамыту; • əр оқушының, оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

•                барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

 

Міндеті: 

—  оқушылардың ой-əрекетін белсенді ету;

—  ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;

—  өз пікірлерін құрастыра білу;

—  сын тұрғысынан жəне икемді ойлай білу.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:

—  қызығушылықты ояту (ой қозғау). — мағынаны тану; — ой-толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады.  Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында «əдебиет үйірмесі» əдістерін қолдануға болады. 

Топтағы оқушыларға мəтін таратып беріп, дайындалуына он минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң əр топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша мəтін туралы айтып шығады. Бұл стратегияны қолдану барысында топтағы оқушылар түгелдей сабаққа қатысып отырады. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе алу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың қай құрылымында болмасын  оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс «Мен не ұқтым?» жəне «Мен нені білгім келеді?» – деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. сұрақтар үш деңгейде əзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар студенттердің деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан жəне жіңішке сұрақтар» стратегиясын мұғалім жүзеге асырады.

Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады.

Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн диаграммасын» қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе «Бес жолды өлең» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пəндердің мəнін тереңдетуге, мұғалімнің кəсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға жəне шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пəнге деген қызығушылығы артады. Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін жəне біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нəтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, əрі сапалы меңгертуге бағытталған.

Қазақ тілі мен əдебиетінің мұғалімдері отандық білім беру бағдарламаларын басшылыққа алып, кеңінен қолданады. Сабақта пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру бағыттары бойынша сан алуан инерактивті кестелерді, сызбаларды, қызықты мультимедиалық сабақтарды, ауызша-жазбага бақылау сұрақтар мен тест тапсырмаларын қамтиды. Алайда аталған ресурстарды бір пəннің, атап айтқанда, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің барлық сабағында бірдей қолдану мүмкіндігінің шектеулі екені баршаға аян. Интерактивті тақталар үшін неғұрлым тиімдісі – SMART – Note book типтегілері.

SMART – Note book типтегі файлда мұғалім сабаққа қажетті қосымша материалдарды ойластыра отырып  көрнекі құралдарды дайындауға, оларды ұсыну қалпын өзгертуге, интерактивті тапсырмалар енгізуге мол мүмкіндік алады.

Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, оқушылардың əр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, олардың жалпы уақытын үнемдейді, ынта-ықыласын жақсартады, əрбір оқушыны ұжымдық жұмысқа тартуға көмектеседі, əрбір білімгердің жеке қабілетін жетілдіреді жəне олардың шығармашылық, зерттеушілік дағдылдарын дамытады. Осы мүмкіндіктерді ескерген тəжірибелі мұғалім əрқашан ақпараттық-қатынастық технологияны дұрыс таңдап, белгілі бір сабақтағы нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы əдісін таба біледі.

 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 

1.   Исхан Б. Ақпараттық технология – қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында. –//Қазақ тілі мен əдебиеті. №12 – 2012. – 3-7 б.

2.   Кдырова Г.Г. Оқытудың жаңа технологиялық əдістерін пайдалану — сапалы білім негізі. – //Білім №3. – 2017. – 16-18 б.

3.   Рахымжанов Қ.А. Қазақ тіліндегі инновациялық бастамалар. – //Білім. №2. – 2015. – 66-68 бет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *