ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ƏДІСТЕРДІ
ҚОЛДАНУ
Л.Б. Шапекенова
Бүгінгі біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз. Қазіргі дəуірдің əлеуметтік жəне экономикалық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде автоматдантырылған жəне ақпараттық технологиялардың тегеурінін атауға болады. Бұл ерекшелік тұрақты кəсіптердің өз қасиеттерін жоғалтып, өзгерістерге ұшырап, уақытша сипаттарды иеленуге əкелуде. Мұндай жағдайда үйрене білу жəне үйренуге ұмтылу адамның ең басты қабілеттеріне айналуда, бүгінде үйренуге үйрену керек. «Өмір бойы үйрену» идеясының қазіргі білім жүйесінің негізгі тұжырымдамалардың біріне айналып кетуінің себебі осындай жəйттермен байланысты. Мəселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» («life Iong Iearning») ұстанымына өзгеруінде болып отыр.
Елбасы Н. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» əрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» дейді.
«Өмір бойы үйрену» тұжырымдамасының негізгі қағидалары нəтижеге жəне оқушыға бағытталады. Өмір бойы оқып-үйрену дегеніміз тұлғаның əлеуметтік, азаматтық тұрғыдан жарқын болашаққа жету мақсатында өзінің білім, білік, машық, дағды, құзыреттіліктерін үнемі жетілдіруі.
Өмір бойы оқып-үйрену келесі шарттарды ұстану арқылы жүзеге асырылады:
— үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмтылу;
— оқу/оқытуда жаңашыл жəне интербелсенді əдістерді қолдану; — оқу/оқытуды бағалау.
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мəселелер мынандай:
«Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді əрекеттерге негізделген қарымқатынас арқылы жүзеге асырылады» жəне «Тек əрекеттесу арқылы үйренуге/үйретуге болады». Білім беру философиясы мен когнивтік психология адамның өз қолымен жасағанын есте сақтайтындығын, практикалық əрекеттер(бірінші кезекте бірлескен ұжымдық əрекеттер) арқылы үйренетіндігін, оған өзі жасағаны қызық екендігін дəлелдеді. Сол себепті қазіргі күні əрекеттік педагогика ең танымал оқу жүйесіне айналған, яғни мектепте оқу процесінің негізін интербелсенді (интерактивті) əдістемелер құрауы керек: əрбір мұғалім əр сабақта интербелсенді əдістер, құралдар мен тəсілдерді қолдануы қажет. Мұндай интербелсенді əдістер мен тəсілдер, əсіресе, орыс сыныптағы қазақ тілін оқытуда өте тиімді деп есептеймін.
Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте білім игеру процесінде оқушылардың тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» мағынасында, ал «act» – «əрекет жасау» дегенді бəлдіреді. Басқаша сөзбен айтқанда «интербелсенді» дегеніміз біреумен тығыз қарым-қатынас та болу, онымен бірлесе əрекет жасау, диалог құру. Сонымен «интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни мұнда оқу процесінің негізін «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші өзімен өзі» форматтарына жасаған қарым-қатынас («əңгіме», «сұхбат», «бірлескен əрекеттер») құрайды.
Интербелсенді оқу/оқытуда басты назар «үдеріске», «процеске», яғни үйренудің өзіне, оқушылардың «қалай» жəне «қандай əдіс-тəсілдер арқылы үйренетіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді əрекеттер арқылы өздігінен білім игеруінде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарда шəкірттер «таза парақ» күйінде келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, əрі қарай оларды дəлелдеу жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді. Осыдан оқушы өмірде өзіне қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігінен дамыта түседі
Интербелсенді оқу/оқыту барысында оқушылар əрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дəлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға жəне онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мəселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше оқушының жеке тəжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі болып табылады.
Интербелсенді оқу/оқыту мынадай жұмыс түрлері мен əрекеттер арқылы жүзеге асырылады:
-бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен),
-жеке жəне бірлескен зерттеу жұмыстары,
-рөлдік жəне іскерлік ойындар,
-пікірталастар,
-ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, дəріс, Интернет, мұражай, т.б)
-жағдаяттар арқылы үйрену, кейс-стади,
-тұсаукесерлер,
-компьютерлік оқу бағдарламалары,
-тренингтер,
-интервью,
-саулнама жүргізіп, оны талқылау жəне талдау, -кез келген оқу əрекеттерін кері байланыспен аяқтау.
Интербелсенді оқу/оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, бұл жерде əсіресе бірлескен топтық жұмыс əдістерінің маңызы зор. Топтық жұмыс өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-əрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар барлық оқушылардың жұмысқа белсене қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста оқушылар өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, əр пікірді ескеру, ортақ шешім қабылдау, жанжалдарды болдырмау) іс жүзінде қолданады, өздері «ойнап шығады».
Бірлесе үйренуде əрбір оқушы танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына жəне қорытынды нəтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нəтижеге қандай бірлескен үйрену арқылы жете алатындығын анықтайды.
Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен əрекеттер бірін-бірі жақтыру, өзара сыйласымдылық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным процесін ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни қарым-қатынас пен негізгі нысаны диалогты танымның басты құндылығына айналады.
Қазақ тілі мен əдебиет сабақтарында топтық жұмыс арқылы бірлесе əрекеттенген тиімді. Бірлескен жұмыс барысында шағын топ мүшелерінің (ең тиімдісі əр топ құрамында 4-5 оқушы болғанда) барлығы да өзара қарым-қатынасқа негізделген (интербелсенді) əрекеттерді атқарады (тыңдай білу, өз пікірін ұтымды жəне дəлелді түрде жеткізе білу, ортақ пікір қалыптастырып, бір мəмлеге келу, бірлесе шешім қабылдау). Мұнда біреудің жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да қызу əрекетте болады, барлығы да жұмыстың қорытынды нəтижесіне өз үлесін қосады.Топтық жұмыс оқушыларға ұжымдықсезім қалыптастырып, бірлескен жұмыстың қызықты əрі тартымды əрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады. Оқушылар өмірде «Мен» (эгоистік ұстаным) қағидасынан гөрі «Біз» тұжырымының (ұжымдық, қоғамдық ұстаным) анағұрлым пайдалы екендігін аңғарады.
Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы мұғалім мынадай мақсаттарға жетеді:
-үйрену процесіне оқушылардың əрқайсысы бір-бірімен жеке қарым-қатынас орнатады;
-оқушылар туындаған сенімсіздік пен қобалжудан арылады;
-əр оқушыға өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін ашуға (көрсете білуге) жағдай жасалады;
-оқушылар арасында еркіндік жəне сенім атмосферасы қалыптасады;
-оқушылар топ жұмысында позитивтік, конструктивтік, шығармашылық қағидаларды ұстанады.
Интербелсенді оқытудың əдістері мен тəсілдері қолданылған сабақтарда төмендегі кезеңдер бойынша жүргізіледі.
1. Мотивация. Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тəсілдерін өзгерту қажет.
2. Мақсат қою. Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.
3. Жаңа ақпарат беру. Бұл кезең оқушылар нені білетінін, нені түсінбегенін анықтауға болады. Бұл кезеңді «Миға шабуыл» əдісімен бастауға болады. «Бұл сөз қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?».
4. Интербелсенді жаттығулар. Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Əрбір топ қысқа жəне неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.
5. Жаңа ақпаратты игеру. Оқушылар игерген ақпарат кезеңде тың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындыларын жасауына жəне көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалады.
6. Рефлексия. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған əрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді.Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге жəне қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді. Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады: -Не білдің?- Не үйрендің? –Не ұнады? – Бұл білімді қайда пайдаланасың? –Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады? Т.б. Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта айтылған ақпараттың маңыздысын табуға, алған білімдерін қайда, қалай жəне қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.
7. Бағалау. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Өзін-өзі бағалау.Жұптық бағалау. Берілген критерийлар арқылы бағалау.
8. Үй тапсырмасы. Оқытудың интербелсенді əдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалдарды шығармашылықпен қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беру: шағын эссе жазу т.б.
Сонымен бірлескен жұмысты еңбек пен танымның ең тиімді жəне өнімді əрекеті деп ұйғаруға əбден болады. Бұл ұстаным құрастырылған (конструктивтік) білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен əрекеттерді үйренудің негізі деп таниды. Интербелсенді оқыту əдістерін сабақта пайдалану бүгінгі таңда əрбір ұстаздың басты мақсатына айналуы тиіс деп ойлаймын. Себебі елімізге заман талабына сай «сыни ойлау», «белсенді», «шұғыл шешім қабылдау», «қазақстандық патриотизм», «бəсекеге қабілетті», «ынтымақтастық», «шығармашылық», «өмір бойы білім алу» сияқты жеке қасиеттердің дамуы білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады..
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен əдіс-тəсілдері. 2. Əлімов А. Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015 3. Пиаже Ж. Избранные психологические труды. – Москва, 1994. – с.54.
4. Мұғалімдерге арналға