Ғалы, Ғали, Әли, Әли ибн Әбу Тәліп – әділ халифтердің төртіншісі және
соңғысы. Шын аты-жөні – Әбу-л-Хасан әл-Мұртада. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.)
немере інісі әрі күйеу баласы, қызы Фатиманың күйеуі. 656 ж. Осман өлтірілгеннен
кейін халиф болып жарияланады. Тарихта Әли ибн Әбу Тәліп сунниттер үшін
қарапайым пенде, батылдықтың, қайырымдылықтың өнегесі ретінде қалса, шииттер үшін ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей мирасқоры, оның аллаһпен
байланысын жалғастырушы. Кейбір шииттік секталарда Әли ибн Әбу Тәліпті Құдай
мәнді адам деп біледі. Қазақтар арасында Әли ибн Әбу Тәліп есімі «Әзірет Әлі»
(Хазірет Әлі) тұрғысынан аталып, үлкен құрмет көрсетіледі. Бірақ Құдай мәнді деп
қабылдамайды, сунниттердің ұстанымында Құдай − біреу, ол – Алла.
Дереке (Дербісәлі) – патшадан полковник шенін алған, ел-жұртқа