ӘКІМШІЛІК ҚАДАҒАЛАУ 

ӘКІМШІЛІК ҚАДАҒАЛАУ — қылмыстың алдын-алу, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқылары мен бостандықтарын қорғау және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылау мақсатында қолданылатын әкімшілік шара. Оны аудандық соттың қаулысы негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады. Әкімшілік қадағалаудың міндеті — белгілі бір шектеулер қойып, қосымша міндеттер жүктеу. Мысалы, әкімшілік қадағалауға алынған адамға тәуліктің белгіленген уақытында үйінен ұзап кетуге, кейбір қоғамдық ортада (мәдениет, демалыс орындарында) жүруге тиым салынады. Ол тек ішкі істер органдары белгілеп берген территорияларда ғана жүріп-тұруға, ай сайын бір немесе бірнеше рет арнаулы органға келіп тіркелуге міндетті. Әкімшілік қадағалаудың мерзімі 6 айдан 2 жылға шейін созылуы мүмкін. Ол сот “аса қауіпті қылмыскер” деп танығандарға, сондай-ақ жазасын өтегенімен, өзінің мінез-құлқын түзегісі келмейтін, теріс қылыққа бейім, қоғамғақауіпті іс-әрекет жасауы ықтимал, бұрын бірнеше рет әрқилы жағдайлармен сотталған адамдарға қатысты қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *