Сейдәлі, молда Бәйім, Ділдә

Сейдәлі, молда Бәйім, Ділдә. Айтыс 1838 ж. шамасында, Сейдәлінің Сыр бойын мекен еткен кезінде болған. Айтыстың шығу тарихы: «Сейдәлінің жиырма екі жасқа келген шамасы. Жаз, қымыз піскен мезгіл. Әлімнің жұрттан озған Қанатбай деген байы болыпты. Елге ат шаптырып, ас беріп, той қылады. Сол елге Сейдәлі жиен болғандықтан, тойға тіккен үш жүз үйдің ең қадірлісін таңдап, кіріп келсе, сол елдің сардары, билері отыр екен. Көрісейін десе, ешкім оның сәлемін елемепті, орын да бермепті. Сонда ол босағаға отыра кетіпті. Көп кешікпей, ет тартылып, екі кісіге бір табақтан бергенде, жалғыз болып, еттен құр қалыпты. Қымыз келіп, бірбір кеседен ішіп және қайталап, қызып отырғанда, төрдегі Иманбайдың көзі сонда түсіп, танып: − Жиен, мерекеге қызмет көрсет, өлең айт, – дегеннен-ақ Сейдәлі өлеңді қоя беріпті», – деп, баяндалады.
«Айтыс» жинағында 1965 ж. жарияланған, 1988 ж. басылымда біраз жолдар қысқарған. Сондықтан антологияға алғашқы басылымнан (2-том, 1965, 145 – 163б.) алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *