Бақтыбай мен Мәйке қыз

Бақтыбай мен Мәйке қыз. Айтыс 1870 ж. болған. Шығу тарихы: Мәйкенің айттырып қойған жігіті бар екен. Бірақ айтыс үстінде Бақтыбай мен Мәйке бір-бірін ұнатып қалып, екеуін қосу мақсатында ел ағасы Жәлменде ауылдан 50 тиыннан салық жинап, Мәйкенің атастырған жерінен қалыңмалын қайтарып, қыздың басына бостандық алып берген. Солайша екеуі қосылған.
Айтыс 1965 ж. жарияланған. Қолжазбасы ОҒК 19-бумада сақтаулы.
Антологияға «Айтыс» (2-том, 1988, 128-143-б.) жинағынан алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *