Әсет пен Ырысжан. Айтыс 1849 ж. мамыр айында болған. Қарқаралы – Қызылжар жолының бойындағы Қоянды бекетінде, орыс саудагерлері мен қазақтардың съезі ашылған. …Атақты Қоянды жәрмеңкесінде болып, әсіресе, Хамитжапар байдың ақыны Ырысжан қызбен айтысып, оны жеңуі Әсеттің есімін елге танытқан.
Бұл айтыс «Қазақ әдебиетінің нұсқалары» (1931), «Айтыс» (1942, 1964, 1965) жинақтарында басылған. Антологияға соңғы басылым (1-том, 341–356-бб.) бойынша ұсынылды.