Сауытбек пен Сыбанбек

Сауытбек пен Сыбанбек. Айтыстың қай жылы болғанын анықтауда әркелкі пікірлер айтылған. Дегенмен филология ғылымдарының докторы, профессор М.Жолдасбековтің зерттеуінше, ағайындылар ақын болғандықтан, олардың арасында айтыстар жиі болып тұрған. Ал бұл айтыс 1895–1897 ж. болған. Айтыстың шығу тарихы: Сауытбек алты ағайынды: Зәуірбек, Күсебек, Сауытбек, Іңкәрбек, Тәтелбек, Сыбанбек. Сауытбек бес жасқа келгенде әке-шешеден бірден айрылып, жоқшылықтың кесірінен Жеріндік деген бай әйелге жалданады. Сауытбек бұған қатты намыстанады да, кенже інісі Сыбанбек екеуінің арасында айтыс туған. Қаттылау сөздер айтылғанымен, ағайындылардың бұл сөз сайысында бір-біріне ой салу бар. Антологияға «Айтыс» жинағынан (1-том, 1988, 158-160-б.) алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *