Болман мен Несігүл

Болман мен Несігүл. Айтыс 1905 ж. өткен. Айтыстың орын алу тарихы ОҒК (237-бума, 5-д.) және ӘӨИ қолжазба қорларына (244-бума) Болман Қожабайұлы арқылы жеткен мәліметтерден белгілі болады. Атап айтқанда: ОҒК қолжазба қорына айтыс мәтінін 1946 ж. Болман ақынның өзі тапсырған. Ал ӘӨИ қолжазба қорындағы осы тақырыппен сақталған мәтін екеу болғанымен, негізі − бір, ол 1940 ж. Болман Қожабайұлының айтуынан жазылып алынған. Оның айтуынша, айтыс Оспан тауында, руы Найман Толысбай байдың тойында өткен. Несігүл сол кезде өзінің сіңлісінің күйеуімен қашып келе жатқан екен. Сол жиында Болман Қожабаев пен Несігүл қыз айтысады.
Алғаш рет Ақылбек Шайхы құрастырған «Ақын Болман» атты жинағында жарық көрген. Кейін «Айтыс» жинағында (1988, 1-том) жарық көрді. Антологияға Қожабай Тоқсанбайұлы мен Болман Қожабайұлының шығармаларына арналған «Бізге де сөйлер кез келер…» атты жинақтан (93-97; 373-бб.) алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *