ШЕТ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТИМДІЛІГІ

ШЕТ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

А.О. Сағынғалиева,  А.Е. Габдешева

 

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мəселесі өзекті мəселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мəдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. 

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өз баяндамасында «Біз күдіктенбейтін жаңа анықтама беруге мүмкіндік береді» деген болатын. Яғни, қазіргі кезеңде бұрынғы таптаурын болған қалыпты сабақ беру əдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру жəне жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру – өмір талабы.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мəселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мəселе ретінде күн тəртібінен түспей отырғандығы мəлім.

Компьютерлік технология – оқытудың арнайы жиынтығы мен əдістемесін, əдісін жəне тəрбие құралдарын анықтайтын технология-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады. «Қазіргі ақпараттық құралдар – бұл тек спутниктік жəне кабелді теледидар, бейне жəне дыбыстық жүйелер, электрондық ойындар емес, сонымен бірге тілді окытудың жаңа жүйесі, ерекшелігі жəне тəсілін атқаратын негізгі бағаты болып табылады [2, 55-57 б.]

Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютерді қолданбайтын жер жоқ. Əр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта компьютер оқытушыларға – көмекші құрал.

Кімде-кім компьютерді қолданса, оның интерактивті құрал екендігімен келіседі. Егер шет тілінің басты мақсаты интерактивті қарым-қатынас болса, онда компьютер осы процесте ең қолайлы көмекші. Шет тілін компьютер арқылы оқыту Internet-тің таралуы жəне CD-ROM (лазерлік дискіге жазылған бағдарламалар) пайда болғаннан кейін көп қолданысқа енді. Осындай жаңалықтар арқасында шет тілін оқуын жанды, шығармашылық жəне табиғи процеске айналдырды. Сөйлеу синтезаторы жəне интерактивті бейнефильмді қолданып шындық тұрғысынан бағдарламалар құруға жол ашты. Осы бағдарламалар түрлі сюжетте жасалынып, оқушыларды шет тілін үйренуге ынталандырып қана қоймай сонымен бірге педагогикалық құндылық болып табылады

[3,16 б.].

Компьютер арқылы оқытудың бірнеше артықшылығы бар, оларды топтастырып айтсақ. 

Ең біріншіден, компьютерлік əдістемені психология ғылымының көзқарасынан қарастырсақ. Психологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-əдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге жəне үйретудің кейбір сəттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді.

Оқытушылық қызметте накты əдістемелік нысандарда, сонымен қатар психологиялық міндеттерде осы əдістердің ерекшеліктеріне сүйенеміз.

Олар:

•    cтуденттерге жеке басының есте сақтау қорлары мен интеллектуалдық белсенділігін дамыту;

•    психологиялық кедергілерден өту;

•    практикалық сабақ кезінде оқытушының белсенділігі мен оқыту əдісін бекіту;

Бұл үдеріс – коммуникативтік оқыту кезінде жақсы нəтижелерге қол жеткізеді жəне студенттерге кəсіби бағдарлы білім беруде тиімді  амалдардын бірі.

•    тəрбиелік жəне психотерапиялық оқу процесін іске асыру.

Осындай мотивацияны арттыру үшін оқу-əдістемелік жұмыс негізгі амалдар, тəсілдер жəне жаңа техникалар арқылы жүзеге асырылады

Шетел тілін жаңаша оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нəтижелі тілдік қарым-қатынас жəне əлеуметтік мəдени құзіреттілігін қалыптастыруына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жəрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дəстүрлі үрдісіне инновациялық технологияларды жəне интернет-ресурстарды ендіру, оқытушылар мен студенттерге дəстүрлі формаларды жəне əдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар жəне т.б. Оқытушылардың біліктілігі олардың педагогикалық қарым-қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау жəне бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек қана жаңалық енгізу ғана емес, сонымен қатар жаңаны дəстүрлі оқу – тəрбие үрдісіне қолдана білу [1]. Шетел тілін оқытудың мақсаты субъектінің мəдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды жəне интернет-ресурстарды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей əдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады: — білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау жəне т.б. — жеке тұлғаны жетілдіру (тұлғаның ой тұлғаның ой-өрісі, эстетикалық тəрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жəне т.б.) – əлуметтік-мəдени тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау жəне т.б.) — оқу-тəрбие жұмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық əрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пəнаралық байланыстарды тереңдету жəне т.б.) 

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады.  Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет – технологияның мəселелерін зерттеушілер кез келген педагогикалық технология ақпараттық екенін баса кӛрсетеді. Ақпараттық технология оқу процесіне кеңінен компьютерлік технологияны пайдаланумен ерекшеленеді. Оқуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану негізгі педагогикалық технологияның негізгі принциптерін қанағаттандырады. Шет тілін кəсіби бағдар ретінде оқып үйренуде жаңа педагогикалық жəне телекоммуникациялық технологияларды пайдалану бүгінгі күнгі білім жетілдірудің инновациялық түрі болып табылады.

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған əрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нəтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дəрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек

 Шетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нəтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады.Олар аз уақытта жаңа технология жəрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дəстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дəстүрлі формаларды жəне əдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар жəне т.б. Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым-қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау жəне бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дəстүрлі оқу-тəрбие үрдісіне қолдана білу.

 Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану мəселесі өзекті мəселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мəдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Əрбір технология өзіндік жаңа əдіс тəсілдермен ерекшеленеді.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мəселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз əрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар жəне т.б.

Студенттердің əртүрлі ақпарат көздерін, ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның көмегімен өздерінің дербес ізденуі арқылы тілді игеруге кəсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпараттық технологияға əртүрлі ақпараттарды электрондық əдіспен енгізу, сақтау жəне беру болып табылады.

Шетел тілін оқыту процесін жеңілдету жəне жетілдіру үшін сабақта техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор: Бейнефильмдер студенттердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі. Бейнефильмдер оқытушыға оқу-тəрбие жұмысын өмір шындығына жанастыруға мүмкіндік береді. Сабақта бейнефильмдерді қолдану нəтижесінде студенттерге өздері меңгерген студенттердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады. Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап-түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жəрдемдеседі. Сабақта бейнефильмдерді қолдану оқу сапасын жоғарылатады, студенттің шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады. Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: деректі бейне фильмдер, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық жəне коммерциялық фильмдер. Сабақта бейнефильмдерді қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сəйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты əрі логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің жатықтығына көңіл бөлу. Фильмді көрсету əдістері де əр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан қажетті үзіндіні кӛру арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. Оқушының өздіктерінен жұмыс белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді көрсету арқылы əңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді

Инновациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нəтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тəжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 

1.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Тараз. ТарМУ, 2003.

2.Гребенщикова В.Ю. Использование компьютерных технологий в преподавании английского языка.//Применение новых технологий в образовании. Материалы Х Международной конференции. Троицк, 1999; 55-57 бет

3.Петрова Л.П. Использование компьютеров на уроках иностранного языка/Иностранные языки в школе. 2005, №5; 16 бет

4.Тубышева Қ., Модульдік оқыту техналогиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану. Оқыту – тəрбиелеу технологиясы. №4, 2007ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *