Құдайберген Әлсейітұлы (1871 ?, қазіргі Павлодар обл., Ертіс ауд. – 1935, Ресей, Омбы обл., Шарпақ ауд., Жұмабай ауылы) – Сарыарқаның атақты ақындарының бірі, Иса Байзақовтың ұстазы, желдірмені осы Құдайбергендікі деп те орындайтын нұсқалары болған.
1965 ж. «Айтыс» жинағында (1, 542-б.) тегі аталмаса да, қайтыс болған жылы 1931ж. деп көрсетілсе де, Үкілі Ыбыраймен айтысқан Құдайберген ақын осы екені түсінікті.
Құдайберген Әлсейітұлы Қадишамен де айтысқан. Тегі: Орта жүз, Қыпшақ.