АФФЕРЕНТТІК  СИНТЕЗ

 

АФФЕРЕНТТІК  СИНТЕЗ (лат. afferens – әкелуші) – функциялық жү- йе теориясында шешім қабылдау мақ- сатымен қоршаған орта және іске қосылатын стимул жөніндегі есте сақ- талған материалды, мотивацияны, ақ- параттарды жинақтау. Бұл тұрғыда жад (ес) – эволюция процесінде және жеке бастық тәжірибе арқылы қалыптасқан иерархияның әр түрлі деңгейіндегі өз- ара байланысты функциялық жүйе- лердің жинағы, ал мотивация – орга- низм қажеттіліктерінің нақты бір кө- рінісі ретінде түсіндіріледі. А.с. кезін- де мотивацияның арқасында бір кез- дері осы қажеттілікті қанағаттанды- руға әкеліп соқтырған барлық жүйе- лердің актуалдануы арта түседі. Орта жөніндегі ақпарат осы жағдайда талап етілетін нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Мотивация және жағдай- дың ықпалымен таңдап алынған әлде- бір оқиға-іске қосылатын стимул – жүйелердің бірі болған сәтте ақырғы шешім қабылданады. Жүйелердің ие- рархиялық ұйымы организмнің қор- шаған ортамен бейімделгіштік арақа- тынасының эволюциялық және жеке тұлғалық қалыптасуы. А.с. мидың әлдебір жекелеген құрылымынан орын алмайды; ол мидың және организмнің бүкіл көлемін қамтитын морфоло- гиялық (орталық және перифериялық, афференттік және эфференттік) құ- рылымдарға жататын әр түрлі нейрондардың өзара әрекеттесу процесі бо- лып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *