АФФЕКТ (лат. affectus – қаз. жан дүниесінің толқуы, жан ұшыру, кү- йіп-пісу). Адамның кездейсоқ тітір- кендіргіштердің теріс әсер етуінен жан сезімінің толқуы. Мұндай сезімдік толқулар ұялу, ренжу, наразы болу, таңдану салдарынан пайда болады. А-тің қоздырушы күшті (стеникалық) түрі, мыс., қайғыру, жек көріп өшігу және әлсіз (астеникалық) деп аталатын, мысалы, қорқыныш, мұңаю түрлері бар. А-тік жағдайда адамның бойын ашу-ыза мен қайғы-қасірет билеп, оның өңі бозарады не қызарады, көз қарашықтары ойнақшып, ерні күбір- лейді. А. жағдайда жан дүниесінің толқуы дені сау адамдарда да кездесе- ді. Егер бойын ашу-ыза кернеген адам А. ұшырағанда ақыл-есінен айырылып, не істегенін білмейтін болса, ондай адамдардың жан дүниесі күйзеліске ұшырап, ауруға душар болған адам деп саналады.
А. (ашуланған, долданған хал, ашу қысқанда уақытша естен адасу). А. деп кейде адамдарда тез, бірақ күшті және өте қарқынды өтетін психикалык (эмоциялық) жағдайдың ерекше түрін атайды.
А-тің екі түрі бар: физиологиялық аффект және патологиялық аффект. Ф.а. кезінде ұрысқан адам ашуланып жаман сөздер айтып, ұрып та жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда сана өзгермейді, амнезия болмайды, адам күш салса өзін-өзі ұстай алуы мүмкін. П.а. жағ- дайында адам өзіне-өзі есеп бере ал- майды, оның белгісі сананың түнеруі және болған оқиғаның естен толық шығуы. Физиологиялық аффект пен патологиялық аффектіні ажыратудың соттық-психиатриялық істе маңызы зор. Аффектілеу (ашуланғандықты, долданғандықты сөз арқылы, кейіп-кел- бет арқылы білдірушілік). А. – субъект үшін маңызды болып табылатын өмірлік жағдаяттардың кенеттен өзге- руінен туындайтын күшті және са- лыстырмалы қысқа мерзімді жүйке- лік-психикалық қозу.
А. айқын көрінетін қозғалыстық кө- ріністермен және ішкі мүшелердің қызметіндегі өзгерістермен, еріктік қа- дағалаудың жоғалуымен және эмо- циялық күйзелістерді өте қатты көр- сетумен бірге жүреді. А. болған оқиғаға жауап ретінде сыртқа шығады. А. күйі үшін зейіннің А. тудырған жағ- дайларға тұтас шомылумен бірге жү- ретін сананың тарылуы тән. Сананың бұзылуы А. тудырған оқиғаны еске түсіре алмауға, ал өте күшті А. кезін- де сананың мүлдем жоғалуы мен то- лық амнезияға әкелуі мүмкін. А. – адамның көңіл күйінің кенеттен өз- геріп, зор қарқынмен бұрқан-талқан болып сыртқа тебуі. Адам сезімдері- нің көпшілігі А. дәрежесінде жетуі мүмкін. Мыс., қорқусезімінің алғашқы сатысы тынышсызданып, сескенуден басталып, одан соң үрейлену сезімі пайда болады, ол күшейе келе, кісінің зәресі ұшып, А. сатысына жетеді. Қуаныш кернеген немесе қайғы-қасі- ретке душар болған адамның да бұл эмоциялары А. түріне өтуі мүмкін. Аффекттің физиологиялық негізі ми қабығында туған, күші жағынан па- рапар екі қарама-қарсы реакцияның қақтығысуында. Осы қақтығысуға бай- ланысты жүйкелік үрдістер барысын- да кездесетін кенеттен пайда болған өзгерістер аффекттің жүйкелік меха- низмі болып табылады.
Егерде осындай өзгерістер адамның жүйке әрекетінде ұзақ уақыт орын тепкен байланыстарды бұзса, оның мінезінде невроз тууы мүмкін. А. се- зімдері адамның бойын билеп алған кезде, оның сыртқы әлпетінде де ерек- ше өзгерістер туады. Қазіргі кезде психологиялық, физиологиялық тех- никаны пайдалану арқылы тыныс алу, жүректің соғуы, тері сияқты мүшелер- дің өзгерістерін ғана емес, ми жұмы- сын да зерттеп электрэнцефалограм- масын жазып алуға болады. Адамның вегатативті жүйке жүйесі А. кезінде физиологиялық процестердің тууын, оның барысын басқарып, адамның сыртқы әлпетінің өзгеруіне әсерін тигізеді. Жас балалар өздерінің іс- әрекеттерінің дәлел-себептері әлі сана- лы түрде айқын қалыптаспаған даму сатысында аффекттерге оңай ұрынуы мүмкін.
Баланың кез келген қажеттіліктерін қанағаттандырмау немесе кез келген қайшылық аффекттің дамуына әкеліп соқтырады. Дұрыс тәрбие беру сал- дарынан аффектіге бейімделу бала өмірінде үлкен орын алып, оның мінез- дамуына кері әсерін туғызу мүмкін. Егер баланың айналасындағылардың өз дегенін сөзсіз орындауына еті үйре- ніп, онда оның әлдебір талап-тілегінің орындалмауына бөгет жайттар орын- сыз ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Ба- ланың іс-әрекет түрлері күрделене түс- кен сайын, оның себеп дәлелдері соғұр- лым саналы түрде жасалған түрде болады, баланың эмоцианалдық өмірі жинақы нысандарымен ерекшеленеді және кірікпелі аффективтік төтенше жағдайлар кезінде пайда болады.
Аффективтік хал-ахуалдың алдын алу үшін адамның құлықтық қасиеттерінің қалыптасуына, сондай-ақ аффекттің әрбір пайда болуы көрінісін дұрыс қабылдауға бағытталған жүйелі тәрбие жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл орайда баланы оның барлық тілегінің орындалуы мүмкін еместігі және бұл жағдайда ұстамдылық танытып, төзім- ділікпен күте білуге үйренуінің қа- жеттігі жөнінде ертерек сіңіре берген жөн.
А. алдын алу үшін бала назарын басқа жаққа аудару қажет. Жасөспірім және бозбала кезде аффектпен күресте өзін-өзі тәрбиелеу үлкен рөл атқаруы мүм- кін. Афферентация – сыртқы тітіркен- діргіштерден (экстероцепция) немесе ішкі ағзалардан (интероцепция) ақ- паратты қабылдап, орталық жүйке жүйесіне келетін жүйке импульстары- ның ағыны. Афференттік лат. афференс деген сөзі, қаз. жеткізуші деген ма- ғынаны білдіреді. Бұл жерде миға ті- тіркендіргіштерді жеткізіп отыратын жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.