АУЫТҚЫҒАН МІНЕз-ҚҰЛЫҚ (девианттық мінез-құлық) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соға- тын құқық бұзушылықтарды үнемі жа- сауы; жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту- тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет- тер жасауы. А.м.-қ. физиологиялық және патологиялық түрлерге ажыра- тылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен,адамды оның салдары үшін жауапкер- шіліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасаған қылмысы үшін кінәлілік жоққа шыға- рылмайды, тек ол белгілі бір жағдай- ларда жеңілдетілуі мүмкін. Патоло- гиялық негіздегі А.м.-қ. адамды бір сәтке сана-сезімнен айырып, мақсат- сыз немесе қауіпті іс-әрекеттер жа- сауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық А.м.-қ-қа ұшы- раған адам жасаса, ондай адам «есі кіресілі-шығасылы» деп танылады. Девианттық қылық – қоғамдық нор- маларға қарсы қылықтар жүйесі не- месе жеке қылықтар. Мұндай қылық- тар әлеуметте қолдау табатын (дарын- дылық, альтруизм, ерлік т.с.с.) және әлеуметте қолдау таппайтын болып бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын қылықтар – қылмыстық іс-әрекет жә- не жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке, нашақорлыққа бейім қылықтар). Де- вианттық қылықтар ауытқушы қы- лықтар. Адамның орныққан құқықты немесе өнегелілік тәртіптерден ауыт- қитын немесе сол тәртіп ережелерін бұзатын қылықтары.