АУЫРСЫНУ

АУЫРСЫНУ – түйсіктің ерекше бір түрі. А. денеге ішкі мүшелерден немесе сырттан қолайсыз тітіргендіргіш әсер еткенде туындайтын жан құбы- лысының жағдайы. Кісі дені сау ке- зіндегі түйсіктердің осы түрін байқай бермейді. И.М.Сеченов мұндай түй- сіктерді «көмескі түйсік» деп атаған. Органикалық түйсіктердің құрамына енетін адам организімнің жалпы хал-күйінің негізі болып табылатын осынау түйсіктердің профилактикалық маңызы зор. Өйткені ол жаңадан бі- лініп келе жатқан аурудың алғашқы хабаршысы ретінде бұлар организмнің бірқалыпты жұмысының бұзыла бас- тағанын білдіреді. Осындай жағдай- да адамның көңіл күйі кейде күрт нашарлап, дегбірсізденіп, ауруды бол- дырмау шараларын қарастырады. Ерік- жігері күшті, рухани өмірінің мазмұ- ны бай, уақытты үнемі іс-әрекетке то- лы адам тәнге түскен осындай қолай- сыз жағдайларға сыр бермей, шыдам- дылық көрсетеді. А. түйсігінде шеткі жүйке саласы әсіресе ми қабығы ор- талығы басқарып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *