АУЫРСЫНУ АДАПТАЦИЯСЫ
Мыс: теріге ине шаншып, инені қозғалтпай ұзақ ұстаса ауырғаны се- зілмей қалады, ал инені сәл қимыл- датса ауырғанды сезеді. Инені ұзақ уақыт бір қалыпты ұстағанда, ауыр- ғанды қабылдағыш рецептор иненің сол әсерінің күшіне бейімделіп, сез- бей қалады. Ауырсыну түйсігі. Ауыр- сыну биологиялық өте маңызды қор- ғаныс бейімі болып табылады. Сипа- ты мен күші бойынша қиратушы ті- тіркендіргіштердің әсерінен ауыр- сыну организм үшін қауіпті әсерлер жөнінде белгі береді. Адам денесін- де ауырсынуға сезімтал емес және ауырсынуға сезімтал бөлімдер бола- ды. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну нүктелері сәйкес келеді. Эксперимент- тік зерттеулер көрсеткендей, ауыр- сыну нүктелерінің таралуы дина- микалық, қозғалғыш сипатта болады. Ауырсыну түйсіктері белгілі бір ті- тіркендіргіштен келетін импульстар- дың қарқындылығы, ұзақтығы мен жиілігінің шамадан тыс артуының нәтижесі болып табылады. Ауырсыну сезгіштігіне аз қозғыштық тән. Ауыр- татын тітіркендіргіштен кейінгі им- пульстар баяу өткізіледі. Ауырсыну импульстарына бейімделу өте баяу жүреді. Ауырсынуды сезіну белгілі бір қанағаттанбағандықпен немесе азап шегумен байланысты. Ауырсынудың орналасқан жері айқынсыз болады.