БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

БЕЛСЕНДІ ƏДІСТЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Ж.Т. Нугманова

 

XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кəсіби бейімделуін қалыптастыру мəселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.  

Инновациялық технологиялардың басты қағидалары: əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу; өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Инновациялық процестерді енгізу үш өзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық əлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен [1, 53 б.].Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да, əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. Əдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үрдісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

-дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады;

— қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

— оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа

қабілет;

— саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

— ақпараттық бағдарламалап оқыту-оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыруы;

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым- қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық ісəрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мəселелердің бірі [2, 38 б.]. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл- ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.

Инновациялық технологияларға мультимедиалық сабақтар да жатады. Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum — көп жəне media, medium — жинақ дегенді білдіреді, яғни құрамына бірнеше мəтін, сурет, бейне, көрініс, анимация кіреді. Мультимедиалық сабақтарда қойылатын мақсаттар: студенттердің компьютерлік технологиясын қолдану арқылы оқыту, үйрену, танымдық əрекетін жүзеге асыру жəне өзбетінше жұмыс істеу дағдысы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақта келесі қажетті шарттар орындалуы керек: студенттің жеке тұлғасын дайындау; ойлау қабілетін жетілдіру; эстетикалық тəрбие; нақты бір шешім қабылдауға қалыптастыру; пəнаралық байланыстарды тереңдету.

Мультимедиалық сабақ өткізу кезінде студенттер ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге оны өңдеп, жеткізу əрекеттерін орындайды. Бұл кезде оқытушының мақсаты студенттерде қажетті ақпаратты табу, сұрыптап, оны жүйелеу мен жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол оқу пəнінің тақырыбын қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар мен жағдайларды жəне проблемаларды шешумен байланыстыра отырып, студенттерге жобаны дайындау тапсырмасын ұсынады. Бұл тапсырманы орындау мен оны қорғау кезеңі студенттердің топ алдында сөйлеу мəдениетін, ойын жүйелей білу мен өзіндік көзқарастың жəне ойпікірлерін қорғай білу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай тапсырмаларды қорғау топтың алдында орындалады жəне олардың өзара қарымқатынасын талап етеді. Сонымен, мультимедиалық жобаны көру студенттерге қажетті теориялық білім мен танымдық қызығушылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді əдіс болып табылады.

Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде электрондық оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы болып табылады.

Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалықақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады. Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып отырған ашық түрдегі əдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы ғылыми-əдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.

Қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімдері үшін оқытудың əр түрлі технологияларын игеріп, олардың ұтымды жақтарын орынды пайдалана білудің де маңызы зор. Əсіресе тіл жəне əдебиет сабақтарында белсенді оқыту технологиясы мен сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының əдіс тəсəлдерін пайдалану қолайлы əрі оң нтиже беріп келеді. Белсенді оқыту технологиясының «Миға шабуыл», «Аяқталмаған сөйлем», «Ашық сұрақтар», «Жұптық жұмыс», «Пікірлер шкаласы», «Болжау», «Жұпқа талқылау», «Галлерияны шарлау» сияқты əдіс тəсілдері сабақты түрлендіріп өткізуге мүмкіндік туғызуымен қатарбілім алушың еркін жауап беруіне, өзіне сенімділігін арттыруға, бір-бірінің жəне өзінің жұмысына баға беріп, сын көзбен қарауға дағдыландырады, қызығушылығын тудыртып, белсенділігін арттырады. Осы мақсатта студенттердің тілін дамыта оқыта отырып қазақ тілінің сөз байлығын толық игеру, тілдің фонетикалық жəне сөзжасам жүйесін жақсы меңгеру, морфологиялық, синтаксистік тəсілдерді игеріп, оларды практикалық тіл жасау дағдысында дұрыс пайдалана алады. Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше, оқу пəндерінің бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан əдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді [3, 42 б.].

Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны — ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, студенттердің пəнге деген қызығушылықтарын дамытамыз. Осындай сабақтар өткізгенде оқыту процесін дараландырады жəне студенттердің ойын дербестігі мен белсенділігін арттырады. Компьютердің əдістемелік жəне дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдаланып, ақпараттық технологияларды қолдану студенттердің танымдық жəне өзіндік белсенділігін арттыратын ойын элементтері арқылы үйрету оқыту процесін тұрақтандыруға мүмкіншілік береді. Компьютер арқылы мəтінді теру, берілген қателерді түзету, мəтін бойынша тапсырмалар орындау жəне тағы басқа сабақ түрлерін өткізуге болады. Кейде студентпен де жеке жұмыс жасай аламыз. Оқу барысында студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді.

Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жаңа технологияны қолдана оқыту қазақ тілін оқытуда жақсы нəтиже береді. Ол нəтиже бүгінде көрініп те, айтылып та жүр. Болашақта бұған да жаңаша бір көзқарас, ой қосылады деген ойдамыз. Ал ол жаңаша ойды əрі қарай жалғастырып дамыту болашақтың үлесінде.

 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 

1. Бөрібекова Ф., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Оқулық. – Алматы. ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014. – 112 б.; 2. Əлімов А. Интербелсенді əдістемені ЖОО-да қолдану мəселелері. – Алматы, 2013.

– 315 б.;

3. Айтбаева А. Білім берудегі жаңа технологиялар. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университеті, 2011. – 82 б.;

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *