ЖАСТАР ТІЛІНДЕГІ ЖАРГОН СӨЗДЕР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
А.С. Хитарова
Жаргон (ағылш. slang; jargon;) – əлеуметтiк диалект; айналымдарды ерекше лексикамен жəне фразеологиямен, экспрессиялылықты əңгiме аралық тiлден жəне сөз жасау құралдардың ерекше қолдануымен айырмашылығы болады, бiрақ меншiктi фонетикалық жəне грамматикалық жүйемен ие болмайды. Жаргондық лексиканың бөлiгi – сайман, бiр емес емес, (соның iшiнде жəне одан тарлау жоғалған) көп əлеуметтiк топ [1]. Олардың ортақ қорының сөзi форманы жəне мəн бiр жаргоннан басқасына өте өзгерте алады; аргоға: қараңғылатсын – олжаны қашыртсын, қазiргi жастар жаргонында — жауаптан балдырлап, жалтару дегендер жатады.
Жаргонның лексикасы қайта мағыналау, метафоралау, қайта ресiмдеу, дыбыстық қысқарту тағы сол сияқтылар, сонымен бiрге басқа тiлдегi сөздер жəне морфемалардың белсендi меңгеруi. Мысалы: құламалы-сəндi, iскер, үй — пəтер, бакстер — долларлар, қол арба — автокөлiк, тартып қалсын — кетсiн, баскет — баскетбол, чувак — жiгiт. Жаргон қазiргi тiлде кең таралған, əсiресе жастардың тiлiнде жиі кездеседі.
Бұл терминнің этимологиясы даулы мəселелердің бірі. Алғаш рет ол 1750 жылы «көше тілі» ретінде тіркелген. Ағылшын лексикографиясында «сленг» термині шамамен ХІХ ғасырдан бастап кең қолданысқа ие болды,1850 жылдан бастап бұл термин ауызекі тіл лексикасының заңсыз атауы ретінде кеңінен қолданыла бастады.
Дж. Б. Гриноу жəне Дж. Л. Киттридж сленгті «əдеби тілдің айналасын торып, ақсүйектер қауымына жол іздеген қаңғыбас-тіл» деп анықтама берген.
Көптеген сөздер мен иірімдер өз тарихын «сленг» ретінде бастап, қазіргі кезде əдеби тілде тұрақты орнын алды. Ауызекі тілдегі сөздерге қарағанда «жаргондар» білімді адамдардың да, белгілі бір жастағы жəне кəсіптегі адамдардың да қолданысында кездеседі. Жастар сленгі – бұл барлық референттік топтардың паролі.
Қазіргі таңда жастар арасында жаргон сөздерді қолдану 50%-дан жоғары көрсеткішке ие жəне супер, класс, окей сөздері əдеби тілді бірте-бірте ығыстырып барады. Жастар сленгі қызықты лингвистикалық феномен, оның ауқымы тек жас ерекшелігімен ғана емес, өзінің аты айтып тұрғандай əлеуметтік, уақыттық жəне кеңістікпен шектеледі.
Тіл білімінде «жаргон» сөзінің нақты түсініктемесі жоқ. Жаргон сөзі француз тілінен енген. Мағынасы «бос сөз».
Жаргон – тіл стандартының нормаларын бұзушы сөздер ретінде қарастырылады. Көбіне бұл күнделікті тұрмыста кездесетін заттарға ауыспалы мағынада берілген мəнерлі сөздер. Жаргон сөздер күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылғанмен əдеби ортада түрпі естіледі. Жаргон сөздің көмегімен сөйлеуші өз эмоциясы мен сезімдерін барынша еркін жеткізе алады.
Жаргондардың тілдің басқа лексикалық бірліктерімен араласып қолданылуы олардың тілде өздеріне тəн ерекше заң бойынша өмір сүруіне негіз болады жəне тілдік тұлғаның шығармашылығының мүмкіндігін кеңейтеді.
Жастар жаргоны – кез келген тілде қолданылатын жəне барлық уақытта өмір сүретін, тек сандық құрамы мен тілдік жəне тілден тыс факторлардың əсерінен қолданылу аясын өзгертетін құбылыс. Жаргондар жастар мəдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бір де бір мəдениет өзінің коммуникативтік кодтық сөзінсіз өмір сүре алмайды, тіл əртүрлі тұрмыстық, мəдени жəне саяси салада қолданыс табады. Студенттер тілінің негізгі ерекшелігі оның қызметінің көптігімен сипатталады. Жастар арасындағы жаргон сөздер əмбебаптық қызмет атқарады, белгілі бір мақсатты көздегендіктен тез таралады.
Жастар жаргонын пайдаланудың басты функционалды міндеттерінің бірі – оның коммуникативтік қызметі. Ерекше əлеуметтік топ құрылады, сонымен қатар ішкі ұқсастық белгілер мен тілдегі жаңа қолданыстар өзінің құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, коммуникативтік актіге түсуге бағытталады.
Жастар жаргоны креативті қызметті іске асырады, бұл лексикалық бірліктерді қарым-қатынас жағдаятында өз ойын білдіруге қажетті құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Əдеби тілге тəн нормалар мен табуларды бұзып, жаңа сөздерді ойлап шығарады, ол арқылы жастар дербестігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін аша түседі, тілдің лексикалық құрамын жаңартады.
Жастар жаргонын пайдалану көптеген мақсаттарды шешуге жол ашатындықтан, номинативті бірліктердің жасалуы мен таралуы түрлі бағытта болады. Бірінші кезекте жастар жаргонының лексикалық құрамының толығу ерекшелігін қарастыру керек, бұл көп жағдайда жастардың дүниені тану тəсілін анықтайды.
Жастардың жаргон сөздері – аға буын өкілдеріне қарсы тұру арқылы тұтас қоғамдық жүйеге қарсылық білдіруден пайда болған 13–30 жас аралығындағы адамдардың əлеуметтік диалектісі. Қалада оқитын жастар мен жекелеген шағын топтар арасында қолданылады.
Жастар жаргоны кіріктіру негізінде жүзеге асады. Жаргонға семантикалық əзіл тəн. Əсіресе өте сəтті қолданылған мағынасыз сөз ойыны жоғары бағаланады. Жаргон сөздер тұрақты емес. Заман ағымына сəйкес сөздер ескіріп, жаңа жаргондар пайда болып отырады. Бұл процестер тез жүзеге асады. Егер басқа сленгтерде сөздер ондаған жылдар бойы сақталса, жастар жаргондарының соңғы онжылдықта ұмытылып кеткендері қаншама. Ұрпақ ауысып отырған сайын осыдан 5-6 жыл бұрын қолданылған жаргондар қазір күлкілі əрі құлаққа түрпі естілуі мүмкін. Қоғамдағы тенденциялардың өзгеруіне байланысты кейбір сөздер ескіріп қолданыстан шығып отырады.
Жаргон сөздердің басты ерекшелігі – күнделікті көңілсіздіктен арылу, кекесін, бетперде. Жастардың жаргон сөздері оларды күнделікті күйбеңнен, үлкендердің, ұстаздардың, ата-аналардың көңілсіз əлемінен бір сəт алыстау. Бұл заман ағымына ілесіп отыратын, қоғам мен елдің тірлігіндегі əрбір өзгеріске реакция беретін жанды сөз.
Жаргондар – белгілі бір əлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.
Сленг – күнделікті өмірде белігілі бір заттың атауы үшін қолданылатын, қалыпты тілден ауытқыған, мысқылды, мəнерлі сөздер. сленг əртүрлі əлеуметтік топтардың ерекше қолданыстағы сөздері.
Кейбір зерттеушілер жаргонды сленгпен байланыстыра қарайды. Сондықтан сленг ерекше лексика, қызығушылықтары ортақ адамдардың қарым-қатынастарынан туындайтын сөздер деп көрсетеді.
Компьютерлік сленгте жаңа сөздердің тым жылдам пайда болуы компьютерлік технологияның қарқынды дамуымен байланысты. Егер журнал беттеріне үңіле қалсақ жаңа технологиялардың шығып жатқанын көреміз. Мұндай технологиялық революция жағдайында əрбір жаңа технология мағына, атау алуы тиіс. Өнімдердің барлығы америкада жасалғандықтан атау ағылшын тілінде беріледі. Сондықтан адамдар оригинал терминдерді қолдануға мəжбүр. Қазақ тілінде бұл салада нақты терминдердің болмауы компьютерлік сленгтің пайда болу тенденциясына алып келді.
Соңғы уақытта жасөспірімдердің компьютер ойындарымен əуестенуі күшейіп отыр. Бұл тағы да компьютерлік сленгтің пайда болуының көзі. мысалы, ойындағы «ең басты жау» ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болды. Сонымен бірге doom ойынын ойнаушыны «думер», ал «quake» ойынын ойнаушыны «квакать» деу қалыптасқан.
Компьютерлік сленгтің пайда болу жолдары мен жасалу тəсілдері əр түрлі. Төрт түрлі жолмен жасалады:
1. калька (device – девайс, message – мессаг)
2. жартылай калька (applicanion – аппликуха, disk drive – дискетник)
3. аударма (windows – форточки, virus – живность, streamer – мофон) 4. фонетикалық мимикрия (laser printer – лазарь, break point – брякпоинт) Компьютерлік сленгтің басқа сленгтерден айырмашылығы:
• Белгілі бір кəсіп иелерінің (программистердің немесе жай ғана адамдардың) тіліндегі сөздер. Сондықтан олар ағылшын кəсіби терминдерінің синонимі ретінде эмоционалды реңкпен қолданылады.
• Сленгтік атаулар тек сол кəсіп иелеріне қатысты болғандықтан басқа адамдарға түсініксіз. Мəселен трех пальцевый салют(үш саусақты салют) ұғымы барлық адамдарға түсінікті емес, сtr+alt +del клавиштерін басу арқылы компьютерді өшіру. Компьютершілер осындай арнайы тілдің арқасында өздерін қоғамның жұмбақ мүшесі ретінде сезіледі.
• Бұлардың қатарында вулгаризм сөздер де көптеп кездеседі.
Алайда бұл үш ерекшелік компьютерлік сленгтің бейəдеби лексикалық топтардың ешқайсына жатпайтынын жəне жеке құбылыс ретінде қарауды керек етеді. Яғни компьютерлік сленг терминін анықтауды қажет етеді.
Компьютерлік сленг – күнделікті өмірде компьютермен тікелей байланыста болатын, кəсіби лексиканы сөйлеу тілімен, кейде дөрекі реңкте ауыстырып қолданатын адамдар тіліндегі сөздер. Сондықтан мынадай мəселелерге баса назар аудару керек: 1) терминдердің пайда болуы мен қазақ тіліне аударылуы; 2) компьютерлік сленг терминдерінің пайда болу жолдары. Сонымен сленг тек халықтың түрлі топтарының өкілдері, əсіресе жастардың сөйлеу тілінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар ол көркем əдебиет, мерзімді басылымдар беттерінде, газет-журналдарда жəне сахна мен тіпті жарнамаларда да пайдаланылады.
Тілдердің араласуының əсері будандасқан жаргондардан да (гибридные жаргоны) анық көрінеді. Будандасқан жаргондар дегеніміз – бір-бірінің тілін білмейтін екі ұлт өкілінің сұхбатынан пайда болған, сөзді бұзып сөйлеу мəнері.
Ғ. Қалиев пен Ш. Сарыбаев еңбектерінде «шағын ғана əлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздер мен сөйлемшелер» деген ортақ анықтама беріп, «жаргон көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазияның жоғарғы топтары арасында қолданылады. Ал арго тілі төменгі тап өкілдеріне тəн. Арго жасырын əрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған» деп көрсетеді.
Арго халыққа түсінікті сөздер негізгі мағынадан ауытқып, аз ғана топтың шартты белгісіне айналады. Арго элементтері қазақ тілінде де кездесіп отырады. Мысалы, апсар-жапсар (нəрсе жапсарда тұр), ылдым-жылдым (нəрсені тез ал). Демек, жаргон сөздердің пайда болуының негізгі себептері, ортадан оқшаулану, ерекшеленуден барып туындаса, арго сөздерді айтқысы келген ойын өзгелерден құпиялап, бүркемелеу мақсаттарынан туғанын ғалымдар еңбектерінен байқаймыз.
Арго қылмыстылар əлемінің тілі. Олар басқа тілдерден енген сөздердің негізінде жасалады.
Жаргон да мода сықылды жыл сайын өзгеріп отырады. Мəселен, бұрындары толық адамды – «бөшке», арықты – «глиста», жалқауды – «сачок», мықты, күшті жігіттерді – «блатной», «фраер», өсек-аяңға жақын жүретіндерді – «шестерка», «стукач», ауылдан келгендерді – «колхозник», «деревня», «ауылбай», «мырқымбай» деген екен. Бұлардың біразы қазір де айтылады. Оларды жаңасымен толықтырып, «творчестволық» шеберлігіміз жылдан-жылға шыңдалып жатыр. Бүгінгілер неғұрлым қысқа да нұсқа сөйлейді. «Қалың қалай?» деп созып тұрмай: «каксың?» дей салады. Оған жауап бергенде «жағдайым жақсы» деп жатпай-ақ, «лафа» дейсің, бітті. Əлдебіреу дауыс көтерсе «дік-дік етпе», одан əрі ұнамай бара жатса «қашып кет» десеңіз, əлгіңіз табан астында өзі жоғалады.
Дара сөзден болған жаргондар: жылауық– қызғаншақ, іші тар, ауру– адамға маза бермейтін адам, қуғынбай–артық сөйлеп кеткен, мылжың, сасымашы– босқа сөйлемеу, мамка, батя- ата-ана, шеф – бастық, қума – жөнсіз сөйлеме, Super– керемет, Forever– мəңгілік, крутой– мықты, тема– керемет, лох– аңқау, тупой– топас, ксерокстау – ксерокөшірмеден өткізу.
Күрделі сөздерден болған жаргондар: «құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу, «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, жындыларский зат– ыңғайсыз зат, тормозы ұстап қалу, зависать ету– бөгеліп қалу, базар жоқ, əңгіме жоқ – сенімді болу, талпамен келу– көпшілікпен келу, типаж болу– өзімшіл, өркөкірек, косякқа кіру– ыңғайсыздыққа тап болу, шпор жасау– жауап парағын дайындау, крышасы бар,танкасы бар– қолдау көрсететін ағасы бар, миді шіріту– көп сөйлеу, картоптыжарды– бəрін аузына қаратты, т.б.
Қазіргі кезде жастар арасында жаргон сөздер қолдану кеңінен тараған. Сонымен қатар орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі сөздерді араластырып сөйлеу де «модаға» айналды. Əсіресе, ағылшын тіліндегі «OK» сөзі ең көп қолданылатын сөздердің қатарында. Бұл сөздің ағылшын тілінен аударғанда «бəрі жақсы» деген мағынаны білдіреді. Бəріміз бұл сөзді осы мағынада қолданатынымыз белгілі.
Жаргон сөздер табиғатына зер сала отырып, олардың барлығы бірдей төменгі стиль туғызатын сөздер емес, белгілі бір əлеуметтік топтар тіліндегі жасырын мағыналы сөздер екенін түсіндік.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы. Қазақстан Республикасы Білім, мəдениет жəне денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998.
2. Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы (кодификациясы). – Астана.
Елорда, 2001.
3. Уəлиев Н. Сөз мəдениеті. – Алматы. Мектеп, 1984.