АТТРАКЦИЯ – жағымды эмоция- ның негізінде бір адамның екінші адам- ға қызығуы, құштарлығы. А. – адам- дардың тұлғааралық қабылдауы жағ- дайында бірінің бірі үшін сүйкім- діліктің, тартымдылықтың пайда бо- луын білдіретін ұғым. А. әлеуметтік бағдарға жатады. Субъектіде А. оның арнайы эмоциялық қатынасының (жа- ғымды немесе жағымсыз) нәтижесі болып табылады және басқа адамға ерекше әлеуметтік бағдар ретінде кө- рініс табады. Эксперименттік түрде А. байланудың және достық сезімі қа- лыптасуының механизмдері ретінде зерттелінеді. Мұндай жағымды эмо- циялық қатынас субъект пен қабылдау объектісі сипаттамаларының өзара ұқсастығынан, қарым-қатынас серік- тері арасындағы жақындығы, олардың жиі кездесуі, олардың арасындағы ажырасу және т.б.; 2) өзара әрекетте- су жағдайларынан (көмекшіл қаты- нас, бірлескен іс-әрекет) және т.б. болады.