АТТИТЮД

 

АТТИТЮД – әлеуметтік белгіленген бағдар, тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасы жағдайында белгілі бір мінез-құлықты жүзеге асыруға бейімділігі, даярлығы. А. термині бел- гілі бір әрекетке физикалық немесе ақыл-ойдың дайындық күйі: адам- ның кейпі, фигурасы және т.б. ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдар- дағы бағдар ұғымын қолдану аме- рикандық психологтар У.Томас, Ф.Зна- нецкийдің аттарымен байланысты. Олар бағдарды индивидтің әлеуметтік құндылықтарға (ақша, атақ-мансап, бөтен адамдарға, жақындарға және т.б.) бейімділігі ретінде сипаттады. Г.Олпорт (1935) бағдарды индивидтің реакцияларына бағыттаушы және динамикалық әсер беретін тәжірибе негізіндегі психологиялық даярлық күйі ретінде анықтады. Әлеуметтік түр- де құнды бағдарлар белсенді теория- лық және практикалық іс-әрекет ба- рысында, білімдерді игеру, басқа адам- дармен өзара әрекеттесу және қарым- қатынас нәтижесінде қалыптасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *