АСЫЛБЕКОВ ӘБДІРАХМАН (1903-1970) – қазақ психологі. Қазіргі Ал- маты облысы, Жамбыл ауданының Қаракестек ауылында шаруа отбасын- да дүниеге келді. Сауатын ауыл мекте- бінде ашып, кейіннен орта және жоға- ры оқу орындарында оқиды. Өмір жолын 1928 жылы Жетісу халық ағарту жүйесіндегі мектеп инспекторлығынан бастайды. Одан кейінгі жылдары әр түрлі қызмет атқарады. 1930-34 жыл- дары Шымкентте, кейіннен Өзбекстан- дағы Қарасу балалар үйінде директор болады. 1960 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік педаго- гикалық университетінің психология кафедрасында қызмет атқарған. 1962 жылы Ташкентте «Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы» атты кандидаттық диссертация қорғаған. Ол педагогикалық және жас психология- сының төңірегінде көптеген еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Оқушылардың ынтасын тәр- биелеу» (1965), «Бала тәрбиелеудегі семьяның рөлі» (1966) т.б.