ӘК

ӘК – әктасты, борды, т.б. карбонатты жыныстарды күйдіріп өңдеуден алынатын зат. Сөндірілмеген Ә.әктасты 1000-1200С-та күйдіруден алынады. Ол  2585С-та балқиды, тығызд. 3,4 г/см3 болады. Мұндай Ә.сумен әрекеттескенде сөндірілген негіздік Ә.ерітіндісін түзеді.Оны әк сүті деп атайды. Ә. байланыстырғыш, топырақтың қышқылдығын кемітетін зат ретінде құрылыста, металлургияда, хим.өнеркәсібінде, сондай-ақ ценмент, шыны, карбид, тоқыма өндірісінде, медицинада, т.б. қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *