АҚЫН АЙТҚАЛИ НƏРІКОВТІҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Б. Рахметова
Ежелгі бағзы мекеннің қадыр-қасиетін жырлауда ақын А. Нəріков ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Кең байтақ Отанының қай нүктесін өлеңге қоссын, бəрібір ақын жырында ол мекен құлпырып, жан бітіп, өзгеше сипатта өң алып, шынайы қалпында суретке айналады. Сондай қалыпқа толығымен сыйып кеткен туынды – «Маңқыстау шілдесі» аталады. Ми қайнатар ыстықтағы Маңқыстаудың табиғатын ақын ойға қонымды, ешбір боямасыз қалпында əдемі суреттеп шыққан. Жатыр, міне, тырысып тулақ дала,
Бұйрат-бұйрат боз құммен бунақталып.
Тұяқ тірер бір тұлдыр таппай құйын, Секіреді Каспийге тулап барып.
Қылтанақтан жер төсін ада қылған, Шілде ғой бұл билікті дара құрған. Күн-табада қуырылып жатыр ма екен,
Жалын лебі келеді Қарақұмнан [1, 72 б.]
(«Маңқыстау шілдесі»)
Кейіптеу тəсілін шебер меңгерген ақын жансызға жан бітіріп, шілденің қапырық ыстығын əрлендіре суреттейді. Бұйрат боз құммен бунақталған даланың тұяқ тірер тұлдыр таппай, тулап барып Каспийге секіруі, шілденің дара билік құруы, табада қуырылған күн, Қарақұмнан соққан жалын лебі – ақындық шеберліктің белгісі боп табылады. Аптап ыстықтың қаһарына шыдай алмайаласұрған дала жануарларын «Сая таппай Үстіртте жөңкіледі – Көрсең жаның ашиды киіктерге» деп жан бітіре суреттейді. Туындының түйінінде Маңқыстау шілдесінің табиғи құбылысы өзінің шарықтау шегіне жеткендігін аңғарамыз: От найзасын тұрса да кезеніп Күн, Мыңқ етпестен жатады безеріп қыр. Айтып айтпай не керек, басқа түгіл, Шыңыраудың да еріні кезеріп тұр.
Жылдың əр мезгілін, табиғаттың тамаша суреттерін өлең сөз тілінде бейнелеуде А. Нəріков тыңнан түрен салуға ұмтылады. Табиғатпен етене жақын болуды лирикалық бейненің іс-əрекетімен байланыстыра, оның ой-сөзімен қабыстыра суреттей өрнектейді. Əр жыл мезгіліне байланысты адам бойында да өзгеріс, құбылыстар болып отыратынын психологиялық иіріммен үңіле, зерделей бейнелейді. Арманға қанат қаққан, биікке ұмтылған кейіпкердің ішкі əлемі ассонанстық паралллелизм түрінде алынған.
Жер де, аспан да көкпеңбек, Бір жасадық көктем кеп.
Менің ару арманым
Бара жатыр көкке өрлеп [2, 210 б.]
(«Көктем келіп»)
Кеуде толы жыр ыстық, (Бір шырқау да дұрыс-ты). Көктем асып келгендей, Көл-көсір қып ырыс-құт.
Көктемнің келуімен байланысты көңіл-күйдегі өзгерістерді ақын дəл тауып, дөп басқан. Жыл мезгілінің түрлі-түрлі сан алуан бояуы адам сезімінің көңіл-күй əуендеріне ерекше нəр беретіндігін шағын шумақтарға сыйғызған ақынның табиғат тамашасын бақылауы оның өлеңдеріне ерекше реңк беріп тұр.
Жоғырыда талданған өлеңге антонимдік қабат боп туыла салған өлең «Күзгі көңіл» деп аталады. Аздаған мұңға бөккен туынды мазмұнында ақынның авторлық қолтаңбасы тағы да қайталған. Екі іс-əрекетті жарыстыра, қабыстыра параллель өргізген ақынның бұл жолғы кейіпкері сарғайған күзбен тілдесу арқылы өтіп бара жатқан жастық шағын қимайтындай күйкешеді. Қаратып үлгертпей-ақ жан-жағыма, Тағы бір күздің келіп қалғаныма?!
Жылдарым дөңгеленіп өтіп жатыр?!
Ұқсап бір қырдың жүйрік қаңбағына
Шығар шың, тұғырым көп қонар алда, (Жүр қазір көңілімді солар арбап).
Табиғат жылына бір жаңарғанмен
Жиырма бес енді қайтып оралар ма?! [3, 169 б.]
(«Күзгі көңіл»)
Кейіпкердің көңіл қошы күзбен бірге сарғайып, сағыныш сазын арқалап, өмірөзеннің тұңғиығына бірге сүңгіп, бірге малтығандай күй кештірген. Алайда алдан күтер үміті мол, жақсылығы көп күндерді аңсайды. («Шығар шың, тұғырым көп қонар алда»). Əрине, табиғат жылма-жыл бір жаңғырып отырады, ал жиырма бестің енді қайтып оралмайтыны ол енді – философиялық қиял-арманға бағынбайтын физиологиялық шындық.
А. Нəріковтің образды ойға құрылған сəтті шыққан туындысы «Сəуір» аталады. Өлең иірімінде табиғаттың тамаша, əсерлі суреттеріне жан бітіп, оқырманына ой салып өтеді. Сəуірдің тəуір сəттеріне елтіген кейіпкер өзін мазалаған ауыр ойдан арылып алғысы келгендей ішкі сезім-сырларын бүкпесіз жайа түседі.
Танытты жайдарылық сəуір бүгін, Соңына сақтаған-ау, тəуір күнін. Үйден бір жеңіл-желпі шығайыншы, Түссінші шықтағы ауыр жүгім.
Осынша неге іріктің шуағыңды, (Қаталдық қатқан мұзды куə қылды). Ызғарды неге жуып кетпеді екен
Жүгірген сай қуалай су ағынды. [4, 7 б.]
(«Сəуір»)
Табиғаттың ызғары мен көңілдің мұңлы сəттерін ойша салыстырған лирикалық бейненің кейіптеу тəсіліндегі ізденісі өз жемісін бергендігі аңғарылады. Иықтағы ауыр жүкті ысырып тастауға бекінуі – кейіпкердің сəуір айымен бірге келетін тəуір күнді асыға күткендінің белгісі болса керек.Өлеңнің төмендегі шумақтарында кейіптеудің əдемі үлгісі дүниеге келген. Табиғаттың сəуір айындағы құлпыру, шырайлану дағдысын көз алдымызға əкеледі.
Мұртындай бозбаланың түбіттеген,
Бүршігі көзге тіпті ілікпеген, Көк көйлек қашан киіп шығады деп, Қарадым теректерге үмітпенен.
Арқадан азынап бір жел ескелі, Шөптердің сұрқы қашты белестегі. Көктемнің көк орайы көз үйренген, Ей, сəуір, сенің сəнің емес пе еді…
Өлең сөздегі əсем де əдемі салынған галереялық суреттің пейзаждың модулін ұсынған автордың назға толы монологы өте сəтті шыққан сыңайлы. Көктемнің көгорайлы, жанға жайлы шуағын күткен жанның арман еткен тілегін орындаушы қызметін сəуір атқарып тұр. Сəуірге бар базынасын айтып, сырын шерткен лирикалық кейіпкер аталған көктем айының кешігіп төккен нұр-ықыласына ризашылығын білдіреді. Кешігіп келсе де бар дүниені құлпыртып жіберетін жыл мезгілі, өкпе-наз иесінің көңіліндегі кірбіңді тез шайып жібергендей. …Қойсаң да қабақ ашпай көпке дейін, Шуақты сақтамапсың текке кейін.
Құлпырттың дүниені үш-ақ күнде,
Сондықтан саған қалай өкпелейін,
-деп ағынан ақтарылады сырласушы бейне.
Табиғаттың қай мезгілінің де өзіндік қадыр-қасиеті барын аңдап, бағамдасақ та А. Нəріковтің көктем тақырыбындағы өлеңдерінің өз алдына үлкен бір шоғыр боп қалыптасқандығына назар аударған жөн. Əрине, көктемді кез келген жан ұнамды жыл мезгіліне жатқызары анық. Олай болуы да заңдылық.
А. Нəріковтің аталған тақырыптағы өлең-жылары бірін-бірі толықтырып, ар қырынан өзгеше рең алып, түрлі-түсті бояуларға шомылып, сан алуан сəулелі суреттердей көз алдымыздан тізбектеліп өте бастайды. Жоғырыда талданған көктем хақындағы туындылардан өзге «Көктем», «Көктем шуағы», «Көктем кеші» т.б. өлеңжырларында сөз өрнегінің келісті тоқылған түрлі өрімдеріне кезігеміз.Автор аталған жыл мезгілінің керемет қасиеттерін жай ғана баяндап қоймады, оны сан-салалы, біріне бірі ұқсамайтын сөз тізбектерімен көркемдеп, əрлеп жеткізеді. Көктем келіп көгілдір балаусалы, Ауысты көкжиекке дала аңсары. Кербез қыр керіледі қадап алып Төсіне қызғалдақтай жалаушаны.
Жауынның төніп тұрған бұлтын қалап, Жаңарып, жадырап дүр сілкінді алап.
Тыпыршып тақымында күрең бесті,
Шопан жүр өткен жылғы жұртын қарап [1, 28 б.]
(«Көктем»)
Өлеңде шынайылық сипат басым. Бəрімізге қөзтаныс сурет. Бұндай суретті өлеңді жазу үшін ол оқиғаның, материалдыңішінде автордың да болмағы жөн. Өйткені шанымды, нанымды оқиғалы күй ғана туындыға реалистік басымдық бере алады. Төсіне қызғалдақтай жалаушанықадап алған кербез қырдың керілуі немесе күрең бестіге мініп алған шопанның өткен жылғы жұртын қарап, серуендеп жүруі сынды оқиғалы суреттерді салу үшін – автордың сол жағдаяттан хабардар, таныс болуы шарт. Осы сынды шынайы сурет белгісі жəне бір «Көктем» аталған туындыда еселеніп, марқайып, құшағын кеңге жайа түседі. Төгеді күн шуағын мырзасынып, Жатады жұпар ауа қырға сіңіп. Жармасқан үстіне кəрі қысты Беткейге бара жатыр жылға ысырып.
Күн көзі қарды мүжіп, тауысты əні, (Қыс пен жаз осылайша ауыспалы).
Сықырынсары аяздың ұмыттырар
Қаздардың қақылдаған дауыстары. [1, 52 б.]
(«Көктем»)
Көктемнің əдемі суретін салудың үлгісін ақынның шебер меңгергені соншалық, əр туындысында аталған тақырыпты түрленте, құлпырта жырлайды. Мəселен, үстіне жармасқан кəрі қысты жылғаның беткейге ысырып тастауы, күн көзінің қарды мүжіптауысуы немесе қаңқылдаған қаздардың дауыстарының астында қалған сары аяз т.б. – қазақ ұғымына, түсінуіне лайықты суретті сөз тіркестері.
Ақынның «Көктем шуағы» аталған туындысында жоғарыдағы сөз болған образды ойлар жалғаса түседі, автор суретті сөзбен өз өрнегін басқа қырынан оюлап қадай бастайды.
Бабамның дархан алабы Бусанып жатыр шық түсіп. Жібітіп тұмса даланы
Тамылжи Күн де шықты ысып.
Сабыры көлдің бар тегі, Кесеге құйған тұр сүттей.
Бала қыздардың бантигі
Бұтақтардағы бүршіктей. [1, 53 б.]
(«Көктем шуағы»)
Бұл туындан да кейіптеу үлгісінің мол түріне кезігеміз. Кейіптеумен иықтасып теңеу де өзінің құтты орнына жайғасқан. Бусанған дала, тамылжыған күн, дархан алап, кеседегі сүт, бала қыздардың бантигіне теңелген бұтақтардағы бүршік – ақын ізенісін танытатын шеберліктен туындаған көркемдік белдеулері.
Ақынның көктем сериялындағы тағы бір ізденісі «Көктем кеші» аталатын өлеңі. Шағын екі шумақ оқиғалы өлең боп туылған. Кейіпкердің көктемнің əдемі бір кешіндегі бастан кешкен оқиғасына куə боламыз. Көмкеріп алау нұрмен шетін кілең, Күн ауып бара жатты екіндіден. Көп тұрдым бақ ішінде сені күтіп, Сүйдіріп бал самалға бетімді мен.
Өзіңмен болмаса да ара қашық, Төзімім кемерінен барады асып.
Ұйытқыған сезімімдей əумесер жел
Қойынын жас талдардың қалады ашып… [1, 53 б.]
(«Көктем кеші»)
Лирикалық кейіпкердің ғашығын күтіп сарғайған сағынышты күңіл күйі көктемнің кешіндегі табиғат тамашасымен үйлесім тапқан. Сəтті шыққан тармақтардың тінінде нəзік лиризмге құрылған юморлық əзіл де орнығып үлгерген. Мəселен, «Көп тұрдым бақ ішінде сені күтіп,//Сүйдіріп бал самалға бетімді мен»; «Ұйытқыған сезімімдей əумесер жел//Қойынын жас талдардың қалады ашып…» – деп келетін ойобраздар ақындық шеберліктің белгісі, шығармашылық ізденістің толық дəлелі болса керек.
Жалпы алғанда А. Нəріков лирикасындағы табиғат тақырыбында жазылған туындылардың өрімінде əр мезгілдің өзіне лайықты сипат-құбылыстарын ашатындай сөз өрнектері жинақталған. Бірін-бірі қайталамайтын, əрбір жыл мезгілінің табиғатын сол қалпында боямасыз беру – А. Нəріков ақындығының баксты белгісі боп танылады.
Көңілді көктемнің керемет көріністерін, сəулелі суреттерін түрлі-түсті картиналар галереясына айналдыра білген ақынның бір мезет күз тақырыбындағы туындыларына назар аударсақ, бұнда да сөз-кескіндемелері мезгіл ауысымына сай сыр ағытады.
Кезегімен күн батып, түн болады.
(Не қымбат бар десек те таң нарқынан).
Кей уақытта көңілге мұң қонады.
Болсаңдағы қаншама ақ жарқын жан
Бітпеді ме, бітті ме іс келелі,
Қартаясың көмескі тартып рең.
Жаз орына аямасып күз келеді
Табиғаттың айнымас тəртібімен… [1, 54 б.]
(«Күзгі ой)
Өлең күзгі ой сезіміне елтіген жанның монологын баян етеді. Күн мен түннің кезестесетінін айту – жай ғана тұспал, философиялық салдар ғана. Ал негізгі мақсат – күзгі мезгілдің бояуындай сəттің адам басында да болатұғын мұңлы кезеңді контраст сипатында алған. Ақ жарқын жанда да мұң бар. Адам реңінің көмескі тартып қартаюы, жаз орынан алмасып күздің келуі – бəрі, бəрі – табиғаттың айнымас тəртібі. Автордың айтпағы – уақыт өткінші екен, əр мезгілдің өз орны барлығын құлаққағыс ету. Күзгі ойдың күз сықылды салмағы бар, уақытқа бағыну — əркімге де сынақ.
Жалпы алғанда А. Нəріковтың туған жердің табиғатын, оның əсем көрінісі мен əдемі келбетін жырлаудағы ізденісінде шынайы суреткерге тəн ақындық шеберлік іздері жатыр. Ақын кең байтақ Отанының көрікті көрінісін, оның табиғатын боямасыз қалпында беруге қашан да шебер.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Нəріков А. Самал: Өлеңдер. – Алматы. Жазушы, 1990. – 96 б.
2. Нəріков А. Сағыныш. Өлеңдер. – Алматы. Өнер, 2002, — 216 б.
3. Нəріков А. Жылдар жаңғырығы. Өлеңдер. – Орал. Полиграфсервис, 2009. — 220 б.
4. Нəріков А. Қырық жыл – қырық жыр. Құрастырған: С. Шарабасов. – Орал. Полиграфсервис, 2004. – 52 б.