ӘЙТІМБЕТ МАЗАРЫ

ӘЙТІМБЕТ МАЗАРЫ — ежелгі сәулет өнерінің ескерткіші. Қызылорда облысы, Әйтімбет — Қайыңды қыстауының оңтүстігінде. 1939 жылы академик А. Н. Бернштам бастаған Жетісу ахеология экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштің біздің заманымыздың 4 — 9 ғасыр аралығына жататынын анықтаған. Күйдірілген кірпіш пен әктас ылайынан салынған мазардың сыртқы пішіні текше тәрізденіп келген де, төбесі күмбезделіп жабылған. Босағасы түрлі ою-өрнектермен әшекейленген. Мазардың іші әктаспен сыланып, қабырғалары тұрмыстық заттардың суреттерімен безендірілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *