ДЫБЫСТАУ ЖƏНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ƏРЛЕУ

ДЫБЫСТАУ ЖƏНЕ МУЗЫКАЛЫҚ ƏРЛЕУ

1. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың қолдануын үйренеміз;
2. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың заңдылықтары жайында мəліметтер аламыз;
3. Музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың негіздерін игереміз.

Музыка – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі жаһандану заманында музыкалық-компьютерлік технологиялар жан- жақты қолданысқа ие болып келеді. Осы күнгі заман талаптарының бірі – дамыған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану. Қазіргі таңда музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктері мол. Біреулер бұл бағдарламаларды музыканы өңдеу үшін, редакция- лау үшін, ал кейбіреулер компьютерде музыка тыңдау үшін пайдалана- ды. VideoShow, Windows Movie Maker, Audacity, Soundation, Киносту- дия сияқты компьютерлік бағдарламалар арқылы көптеген ойларды іске асыруға болады. Windows Movie Maker – бейнематериал құру жəне оны өңдеуге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері өте көп:
а) сандық видеокамералар арқылы бейнематериалдар алу; ə) суреттер арқылы слайд-шоу жасау;
б) бейнематериалды қию жəне жалғау; в) аудио дыбыстар жолын қою;
г) тақырыптар мен титрлерді қою;
д) бейне фрагменттердің арасында ауысулар жасау; е) қарапайым эффектілер қою жəне тағы басқалар.


Audacity музыкалық жəне сандық файлдарды редак- циялауға арналған үздік бағдарламалардың біреуі болып саналады.


Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-ка- мераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютер- де аудио жəне бейнежазбалар арқылы фильм құруға болады. Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио жəне бейне материал- дарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио жəне бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негіздел- ген, бейнеауысым жəне эффектілерді қолданып, дайын фильм құра аламыз.

1. Windows Movie Maker қандай бағдарлама?
2. Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нені пайдаланамыз?
3. Audacity, Soundation бағдарламалары неге арналған?
4. Музыкалық əрлеулер қолдана отырып, слайд-шоу жа- сау.
5. Видеоларды қию жəне жалғау.
6. VideoShow, Movie Maker, Киностудия бағдарлама- лары арқылы мини-бейнеклип жасау.
7. Audacity, Soundation бағдарламалары арқылы музыка- лық өңдеулер жасау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *