МУЗЫКА ЖƏНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1. Бейнеойындар музыкасының бағыттарымен танысамыз;
2. Бейнеойындар музыкасының ерекшеліктерін білеміз;
3. Осы бағыттың терминдерімен танысамыз;
4. Димаш Құдайбергеновтың орындауында «Moonlight over the sea»
атты əнді тыңдаймыз.
Көңіл көтерудің формасы ретінде бейнеойындар 1970 жылдары пай- да болғанда, олардың музыкасы кассета мен грампластинка таспала- рына жазылды. «Sony» компаниясының бесінші буынындағы ойын- дарында композициялар ойындардан бейтарап жазылды жəне музыканттар компьютер бағдарламаларын білуге міндетті емес еді. Бейнеойындар музыкасына электропоп стилінде ойнайтын Yellow Ma- gic Orchestra секілді топтар əсер еткен болатын. Мұндай əндердегі төрт я одан көп аккордтан құралған J-Pop стиліндегі немесе 1980 жылдардың поп-музыкасына ұқсас «шумақ» жəне рок- жəне поп-музы- ка бағытындағы «қайырмадан» құралады.
Компьютерлік ойындар музыкасы «чиптюн», «нинтендокор» жəне
«битпоп» сынды музыкалық бағыттардың негізін құрады. Композиторлар мен оның тыңдаушы жанкүйерлері қазіргі кезде ойын музыкасын ойын- нан тыс бағалауда. Осы бағыттың «пионері» Коити Сугияма – Dragon Quest атты ойын музыкасы сериясының авторы. 1986 жылы алғашқы ойын шыққан соң-ақ, Лондон филармониялық оркестрінің орындауында жазылған компакт-диск шығарылды. «Squaresoft» компаниясының сəтті жобаларынан соң, 1990 жылдары əлемдегі ойын музыкасының даңқы арта түсті. Ойын музыкасына Ирландияда «жанды» дауыста ішекті аспаптардың орындауында жазылған кельт музыкасының лайықтау- лары негіз болды. 2000 жылдардың басында əуесқойларға арналған Touhou Project ойындар сериясы танымал бола бастады. Додзин- мəдениетінің ерекшеліктеріне сай əуесқой музыканттарға додзин- музыкасының аранжировкаларымен өз дискілерін шығаруға мүмкіндік берілді. Əр жыл сайын Жапония, Германия, АҚШ, Аустралияда толық ойын композицияларынан құралған ойындар музыкасы мен аниме концерттері өткізіліп отырады.