Дəнеш Рақышев

Дəнеш Рақышев
(1926–1992)

Халықтық өнердің інжу-маржанын бойына терең дарытқан өр талант иесі, бұлбұл үнді, жезтаңдай əнші – Дəнеш Рақышев есімі барша қазақ халқына, өнер сүйер қауымға кеңінен та- нымал. Жетісудың бұлбұлы атанған Қазақ- станның халық артисі Дəнеш Рақышев 1926 жы- лы Жаркент өңірінде (Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылы) дүниеге келген.

Тағдырдың жазуымен Қытайдағы Шығыс Түркістан өңірінде бала- лық, жастық шағын өткізген Дəнеш əнші алғашқы өнер жолын да осы өлкеде бастайды. Отбасынан өнерге құлағы қанық өскен Дəнеш 12–13 жасынан қолына алғаш гармонь, домбыра ұстап əн салған. Əн өнеріне құлай ынта қойған бала Дəнеш 15 жасында əнші-күйші, өнерпаздармен етене араласты. Осы тұста 1916 жылдың дүрбелеңімен туған жерден жырақ кеткен атақты əнші, ақын Əсет Найманбайұлының Қадырихан, Мəмет сынды шəкірттерінің қасына еріп, көптеген əндерін үйренеді.
1959 жылы атамекенге біржола табан тіреген əнші Дəнеш Рақышев шалқар шабытпен «Саясында алманың», «Жетісу», «Балжан-ай»,
«Соға кет» сияқты халықтық сарынмен астасып, өзіндік əуен ырғағы- мен ерекшеленіп тұратын жүзге тарта əндер шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *