Əсет Найманбайұлы

Əсет Найманбайұлы (1867–1922)

Ақын, əнші, композитор Əсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауда- ны Бақты ауылында дүниеге келген. Əсеттің əке- шешесі кедей, шаруа адамдар болса да, Əсет ескіше оқыған көзі ашық адам болады. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі, əсіресе, айтыс жанрында кеңінен та- нылды. Ол Рысжан, Əріп, Бақтыбай, Кəрібай, Қали, Сəмбет ақындармен жəне Мəлике қызбен айтысқан. Əсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек таралға- ны – оның əндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дəуірлеген Арқа əншілік дəстүрін жалғастырып, да- мыта түсті. Оның «Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қара- гөз», «Мақпал», «Інжу-маржан», т.б. əндері қазақ му- зыка мəдениетінің озық үлгілері қатарында тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *