БАЛАПАН ҚАЗ
Халық əні
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай, Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай, Тебісіп құлын-тайдай ойнаған жер-ай. Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер-ай, Қаракөз бойын сылап түзеген жер-ай. Көзіме от жалындай көрінеді-ай Қолаң шаш уəдесін үзбеген жер-ай.
Ей, ахау, сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай.
1. Əннің сөзіне көңіл бөл. Қазақ халқының өмірлік ұстанымдары жайында не айта аласың?
2. Сенің ойыңша мұндай əндерді қай уақытта, қандай жағдайда орындайды?