КИНО ЖƏНЕ МУЗЫКА

КИНО ЖƏНЕ МУЗЫКА
Сабақта:
1. Қазақстанның киномузыкасының жетістіктерімен танысамыз;
2. Осы бағытта жұмыс істеген композиторлардың шығармашылығы туралы білеміз;
3. Киномузыка терминдерімен танысамыз;
4. Киноға арнап жазылған шығармалардан үзінді тыңдаймыз;
5. «Балапан қаз» халық əнін үйренеміз.
– Өзіңнің жақсы көретін киноңды еске түсір.
– Ол кинодағы музыка есіңде ме?
– Егер ол кинодан барлық музыканы өшірсе, не болар еді?


Алғашқы кезде музыка кинематографияда жалаң, қосалқы міндет атқарды. Пианист (тапёр) жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана шектелді. Дегенмен, сол кездің өзінде əр фильм үшін жеке музыка жазуға əрекет жасалды. Дыбыс жазушы аппараттың шығуына байланысты (1920 жылдың соңы – 1930 жылдың басы) əр фильм жеке фонограм- маға ие болды. Осы кезеңдегі киномузыканың таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильмдерінен көрініс тапты. Фильм музыкасы дыбысты ки- ноның тууынан бастап, кадр ішіндегі киномузыка (кадрда көрсетілген музыкалық аспаптың, əншінің, радионың, т.б. музыка орындауы) жəне кадр сыртындағы киномузыка (фильм идеясын тереңдете түсетін, оқиғаны сипаттайтын, сюжет астарын жеткізетін киномузыка) болып бөлінді. ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап фильмдегі кейіпкер- лерге музыкалық сипаттама беру, көбінесе, қарапайым да тұжырымды, көкейге қонымды əндер арқылы жүзеге асты. Киномузыканың бұл саладағы классик үлгілерін композиторлар Дж.Гершвин, И.О.Дунаевский («Көңілді жастар» (1934); «Цирк» (1936), т.б.) жасады.
Ал еліміздегі композиторлардан Қуат Шілдебаев көбіне тарихи тақырыптағы фильмдерге қалам тартады. Олардың арасында «Оты-

 

87 87

рардың күйреуі», «Əбілхайыр хан», «Мұстафа Шоқай», «Шал», «Жат» жəне басқалары бар. Композитордың қаламынан қазіргі таңда 20-дан аса фильмге музыка жазылды.
Ақан Сатаевпен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп жүрген Əлім Заиров джаз, электронды музыка мен классика бағыттарын үйлестіреді. Қазіргі таңда оның музыкасы «Аудандар», «Анаға жол»,
«Ол» жəне Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум», Нұртас Адамбайдың
«Сабина келін» фильмдерінде орындалады.
Төлеген Мұхамеджановтың 9-ға жуық киносаз туындыларында алғашқы жазған 1984 жылғы «Шөп ішіндегі тəтті нəр» фильмінен бастап, соңғы жұмыстарының бірі «Құнанбай» фильмінде Отанына деген сүйіспеншілік пен нəзік лирикалық сезім айқын сезіледі. Ал Ренат Гайсиннің киномузыкалық туындыларынан ерекше атауға тұрарлық туынды – «Жаужүрек мың бала» фильмінің музы- касы.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *