МУЗЫКА ЖƏНЕ ТЕАТР

МУЗЫКА ЖƏНЕ ТЕАТР

 

 

 

 

 


Сабақта:
1. Қазақ театрының туындыларымен танысамыз;
2. Қуыршақ билері туралы білеміз;
3. «Ортеке» күйлерінің үлгілерін тыңдаймыз;
4. Абайдың «Ата-анаға көз қуаныш» əнін айтамыз;
5. «Достар серті» мюзиклі туралы білеміз.

Қазақ театрының қайнар-көзі қазақ халқының ежелгі фольклорлық салт-дəстүрінде жатыр. Қазақтың тұрмыс-салт əндері мен дəс- түрінде театр элементтері бар. Қазақ халқының барлық өнер түрлері музыкамен байланысты. Дəстүрлі эпос, əндер мен күйлер орындау қа- зақ театрының пайда болуына негіз болды. Күйшілер орындайтын күйлерінің аңыз-əңгімесін баяндау арқылы тыңдаушыны дайындап алатын болған. Күйлердің аңыз-əңгімесінде əртүрлі бейнедегі ке- йіпкерлер туралы баяндалатын жəне осы кейіпкерлердің барлығын күйші-орындаушы бір өзі бейнелеген. Бұл бір актер театрының өзіндік тəжірибесі болды.

 

81 81

Сонымен қатар қазақ театр өнерінің түп негізіне айтыс өнерін де жатқызуға болады. Айтыс кезінде ақындардың əуендері арнайы ырғақпен, айрықша орындаушылық мəнермен ерекшеленді. Мереке мен тойларда əзілкештер өздерінің шеберлігін көрсететін болған, олар халық арасында «қу» деп аталды. Олар кейіпкердің мінез-құлқын дəл сипаттай білді.
Халқымызда ең жарқын жəне театр- ландырылған дəстүрлердің бірі – үйлену тойы.
Қазақтың халық биі «Ортеке» – Қуыршақ театрының бастауы болып табылады.
«Ортеке» күйін орындаған кезде, ешкі бейнесіндегі қуыршақ үстелдің ортасына бекітіледі. Қуыршақ ортеке еркін билеуі үшін, аяқтары үстелдің бетіне тимейтіндей етіп орналастырылады. Қуыршақтың дене бөліктеріне байланған жіп үстелдің орта-
сындағы тесік арқылы өткізіліп, домбырашының оң қолының саусақта- рына байланады. Күйші күйді тарта бастағанда, қуыршақ ортеке қозғалып, билей бастайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *