Еділ Құсайынов – 1955 жылы Алма- ты қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватория- сын композиция мамандығы бойынша бітірген. Белгілі қазақ музыкасының зерттеушісі Болат Сарыбаевтың шəкірті. Көмеймен əн орындау өнерінің шебері.
Қазақ халқының көне аспаптарында, яғни жетігенде, сыбызғыда, саз-сырнайда, қамыс-сырнайда, қауырсын-сырнайда, шаңқобызда жеке орындаушы. Оның көмей өнері орындаушылық ерекшелігінде екі стиль қалыптасты – қарғыра (төменгі регистрде айтылады) жəне сығыт (жоғары регистрде айтылады). Ежелгі заманда көмей өнерін шаман- дар қолданған. Өз шығармашылығында Е.Құсайынов этно-джаз-рок- музыка стилінде жұмыс істейді. Бұл стиль ежелгі жəне қазіргі заманғы музыканың синтезі болып табылады.