Рок-н-ролл (ағылшынша – rock and roll немесе rock ‘n’ roll – «тербел жəне сырғана») – ХХ ғасырдың ортасында Америка Құрама Штатта- рында таралған танымал музыканың стилі болып табылады.
Рок-н-роллдың ерекшелігі – айқын ырғақ пен ашық еркін орындау. Дəстүрлі аспаптары – электр гитарасы, контрабас, ұрмалы аспаптар, фортепиано жəне саксофон. Рок-н-роллға 4/4 өлшемі тəн. Рок-н-ролл- дың көрнекті өкілі – Элвис Пресли. Оны «рок-н-ролл патшасы» деп атайды. Оның шығармашылығы бүкіл əлем жастарына зор əсер етті.
1960 жылдардың басында рок-н-ролл твист музыкалық бағытының қалыптасуына негіз болды. 60-жылдары британдық The Beatles жəне The Rolling Stones топтары рок-н-роллға жаңа серпіліс əкелді. Содан кейін жалпы «рок» термині қолданыла бастады.
Рок-музыка (ағылшынша – rock music) – танымал музыканың ба- ғыты. Рок-музыкада көптеген стильдік тармақтар бар. Рок-музыканы вокал, гитара (əдетте электрогитара), бас гитара, барабан жəне клавишті аспапта орындаушылардан тұратын рок-топ орындайды. Рок музыкасының ерекшелігі – өзгермейтін ырғақ. Электрлік гитара жетекші аспап болып табылады. Сондай-ақ көптеген рок-топтарда соло вока- лист бар.
«The Beatles» тобының құрылған сəтінен бастап рок тарихының жаңа кезеңі басталды. «Битлз» əлемдік музыкада түбегейлі жаңа құбылыс ретінде із қалдырды. Əсіресе рок-музыкада олар ерекше музыкалық өнімділікті жəне түбегейлі жаңа имиджді (тек автор-орындаушы жəне топ емес, төрт жарқын тұлғалар) біріктірді. Бұл топтың əр мүшесі хит жазуға қабілетті болды. The Beatles-дің бүкіл əлемге əйгілі болуы сол уақытта «битломания» деп аталатын бұрын-соңды болмаған құбылыс- ты тудырды.