Мюзикл

Мюзикл (ағылшынша – мusical) – музыкалық театр сахнасының жанры. Бұл шығарма музыкалық, драмалық, хореографиялық жəне опералық өнерді біріктіреді. Мюзиклде диалогтар, əндер, музыка мен шоулар өзара шебер өріледі, хореография маңызды рөл атқарады. Мюзикл жанры қойылым жағынан күрделі жəне қаражат тұрғысынан қымбат болып табылады. Көптеген Бродвей мюзиклдері өздерінің ерекше əсерлерімен (спецэффекты) танымал, олар көп жылдар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, күнделікті қойылып келе- ді. Мюзикл құрылымдық жағынан көбінесе екі актілі спектакльге ұқсас.

 

50 50

1920–1930 жылдары Америка Құрама Штаттарында мюзикл жанрында еңбек еткен Джером Керн, Джордж Гершвин, Коул Портер сынды композиторлар болды. Мюзиклдегі көптеген əндер музыкалық классикаға айналды. Əншілердің актерлік шеберлігі айтарлықтай өсті. Кейінірек, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мюзиклдің мазмұны тереңдей түсті. Леонард Бернстайнның «Вестсайд тарихы» пайда болды («Westside story», 1957). Қойылым У.Шекспирдің «Ромео мен Джульет- та» трагедиясын негізге ала отырып, қазіргі Нью-Йоркте болған оқиғаны баяндайды.
1960 жылдардың соңында жаңа музыкалық стильдердің арқасында мюзикл жанрында жаңа түсініктер пайда болды. 1970-жылдары спектакльдер сан жағынан қысқарды, алайда жаңа мюзиклдердің декорациялары мен костюмдері керемет байлығымен таңғалдырды.
Эндрю Ллойд Уэббердің «Эвита» («Эвита», 1978) атты мюзиклі терең мағыналы тақырыпқа құрылды, ол мюзиклдің даму жолын көрсетті. Уэббердің тағы бір туындысы – «Мысықтар» («Кошки», 1981; Эллиот- тың өлең топтамалары желісімен). Бұл мюзиклдің басты тақыры- бы – «Естелік» деп аталатын Гризабелланың ариясы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *