ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫ
Сабақта:
1. Қазақ эстрадасының ағымдарын білеміз;
2. Эстрадалық музыка саласында жұмыс істейтін композиторлар жəне орындаушылармен таныс боламыз;
3. Қазақстандық топтармен танысамыз;
4. Жамал Омарова жəне Роза Бағланованың əндерін тыңдаймыз;
5. Тыңдалған шығармаларды салыстырып, талдаймыз;
6. Ұ.Есдəулетовтің өлеңіне жазылған Т.Мұхамеджановтың «Заман-
ай» əнін үйренеміз.
Қазақ эстрадасының дамуы үш тарихи кезеңге жіктеледі: Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде XVIII–ХІХ ғасырларда өмір сүрген күлдіргі өнерпаздар қалжың, сықақ арқылы адам бойындағы қулық, сараңдық, күншілдікті əшкерелеп, оны əн-өлең, айтыс үлгісінде жеткізді. Тойлар- да танылған шаншарлар – Айдарбек, Молдабай, Тонтай, т.б. кейін ХХ ғасырдың басында көпшілікке арналған əндерде жалғасын тап- ты. Кəсіби сипаттағы қазақ эстрадасының қалыптасуы 1965 жылы Гүлжиһан Ғалиева ұйымдастырған эстрада-цирк өнері студиясының ашылуымен байланысты. Бұл кезеңнің дамуына елеулі үлес қосқан
44 44
композиторлар – А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, əншілер – Жамал Омарова, Рахия Қойшыбаева, Суат Əбусейітов, Роза Бағла- нова, ағайынды Абдуллиндер, т.б. 50–80-жылдарда кəсіби сипатқа ие болған қазақ эстрадасы Бақытжан Байқадамов, Əбілахат Есбаев, Шəмші Қалдаяқов, танымал лирикалық əндердің авторлары Нұрғиса Тілендиев, Ескендір Хасанғалиев, Əсет Бейсеуов, Сейдолла Бəйтере- ков шығармаларымен жəне əншілер Зейнеп Қойшыбаева, Сара Ты- ныштығұлова, ағайынды Мұсабаевтар, Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Бағдат Сəмединова, Нұрлан Өнербаев, Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Бахтияр Тайлақбаев, Айжан Нұрмағамбетова, Жанар Айжанова, т.б. есімдерімен байланыстырыла- ды. Бүгінгі қазақ эстрадасында есімдері елге танымал Жеңіс Ысқақова, Қыдырəлі Болманов, Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев, т.б. талантты əнші-орындаушылар, Кеңес Дүйсекеев, Тынышбай Рахым, Тұрсынжан Шапай, т.б. өнер қайраткерлері қазақ эстрадасының өсіп-өркенде- уіне өзіндік үлес қосып, эстрадалық жəне халықтық əн дəстүрін одан əрі дамытып, жетілдіріп келеді.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстанда поп-рок жəне этно-рок бағыттары дамыды. Этно-рок бағытында атақты «Дос-Мұқа- сан» ансамблі жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда этно-поп бағытында жұмыс істеп келе жатқан «Үркер», «Ұлытау» топтары, Құрманғазы, Дəу- леткерей, Тəттімбет, Нұрғиса Тілендиев шығармаларын рок-музыка стилінде орындайды. Ал джаз-фолк бағытын ұстанатын «Рок-онаки»,
«The Magic of Nomads», «JCS», скрипкашылар Жəмила Серкебаева, Лана, Аида Аюпова джаз, фанк, фольк-рок жəне арт-рок стильдерін біріктіре жұмыс істеуде.
Еуропалық классикалық мəнер мен джаз, поп стильдерін біріктір- ген Толқын Забированың, «Аңсар», «Меццо», т.б. топтардың шығар- машылығы, соңғы жылдары бойз-бендтер («Мұзарт», «Жігіттер», «Ор- да», «101», «Ринго», «Музарт-лайф»), гелз-бендтер («Кеш уоu», «Дауыс интернешнл», «Аюми», «Асыл») жəне Хип-хоп бағытында Rap жəне RnB стильдерінде жұмыс істеп жатқан топтар мен жеке əншілер шы- ғармашылығында жалғасын табуда.
45 45