АРСЫЗДЫҚ – (грек. kynismos) – қоғамдық адамгершілік моральға сый- майтын қылық. Бұл ұғым ежелгі Гре- киядағы киниктердің (циниктердің) философиялық атауынан шыққан. Бұл мектеп өкілдері жалпыға бірдей адамгершілік тыйымдар мен әдепті- лік ережелерін елемейтін көзқарас- тарды уағыздады. Кейін қоғамдық пікір мен ұяттың маңызын терістей- тін жеке тұлғалық ұстаным деп аталды. Бұл тұрғыдан А. нигилизмге жа- қын. Мінез-құлықтағы және сенім- дегі А. өз мақсатына кез келген тә- сілмен, соның ішінде моральға жат жолмен жетуді көздеген адамдарға тән. А. субъект өзін жазаға тартыл- майтынын түсінгенде және парасатты адам болып көрінгісі келмейтін жағ- даяттарда байқалады. Мұндай кезде ол дөрекілік, әдепсіздік, ұятсыздық және кемістіктерге тығыз байланыс- ты болады. А. өткір мысқыл және ке- леке, мазақ түрінде де көрінуі мүмкін. А. көбінесе менмендік, өркөкіректік, дандайсу жас мінез-құлқы жеткіншек шағында байқала бастайды. Үлкен- дердің жеткіншектерге дөрекі тәсіл- дерді (көпірме сөзділік, әдепсіздік, қорлау, жәбірлеу, кемсіту) қолдануы жағдайды одан сайын өршітуі мүм- кін. Балалардағы А. көріністеріне от- басындағы кикілжің, әсіресе ата-ана- сының айырылысуы және т.б. себеп болады. Жасөспірімдердің өзіне бас- қалардан артықтығын сезінуі де (егер үлкендер қолдаса) А. көріністеріне апарып соғуы мүмкін.