АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ (1815-1898) –психологиялық пайымдауларымен ерекшеленген ақындардың бірі. Ол Жетісу облысындағы Верный уезі, Ұзынағаш болысында туған. Суырып- салма ақын өзінің өлең-толғауларын- да, сюжетті өлең-дастандарында ту- ған халқының талап-тілегін, мұң-мұқ- тажын жоқтап, қарапайым адамдар- дың ой-мақсатын білдіреді, елдің ға- сырлар бойғы арман-мүддесі мен мұ- ратын көркем бейнелер арқылы зор шабытпен жырлады. Оның бүкіл са- налы өмірі, сарқылмас дарыны еңбек адамының мүдделеріне қызмет етті. Сүйінбай Аронұлының поэзиясы, ең алдымен терең психологиялық тұжы- рымдармен, көркемдік, әсемдік әле- мімен, тілінің мәнерлі әуезділігімен сипатталады. Ол адамның мінез-құл- қының әр алуан қалтарыс-қатпарла- рын, ішкі психологиялық тебіреніс- терін, тұлғаның жеке басын, оның моральдық, рухани қадір-қасиетін ше- бер көрсетеді. Ол жақсыны жаман- нан, жексұрынды бекзаттықтан айы- ра білмейтін, жеке басының арамды- ғын, тек баюын ғана мейлінше күйт- тейтін адамдарды шенеп сынайды. Ақынның психологиялық идеялары оның «Жақсы мен жаманның айыр- масы», «Нақылдар», «Әділеттік арна- сы», «Бөрілі менің байрағым», т.б. осы сияқты лирикалық өлеңдері мен ақын- дық толғауларында терең де бейнелі кестеленеді.