АРЛАНУ – адамның имандылық се- зімдерінің бірі. А. – адамның өзінің оғаш қылығына намыстанып, оны ұят- сынуы. Арлы болу («жарлы болсаң да, арлы бол») – өте жарасымды сипат. Бұл көбінесе, қайсар, табанды, ержүрек, көздеген мақсатына жетпей тынбай- тын адамдарға тән қасиет. А. – адам- ның өз мініне күйінуі, жаңсақ басқан қадамы үшін өзін-өзі жазғырып өкі- нуі, ренжуі секілді көңіл күйінің өзге- руінен жақсы байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқойлық – жұртшылық алдында өзінің жауапкершілігін арт- тыруға жәрдемдесетін сындарлы қа- сиет. А. адамды іштей тебіренте тол- ғандырып, қоғам алдында ар-ожданын таза ұстауға, оған дақ түсірмеуге, кі- сінің азаматтық борышын адал, мінсіз атқаруға итермелейді.