АРАЗДАСУ

АРАЗДАСУ – мінез-құлықтағы өш- тесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты жағымсыз қылықтар. А. «араз», «араз- құраз», «дүрдараз», «дүрдей-дүрдию» дейтін мінез көріністерінен байқала- ды. А. өш, қас, тату еместікті білдіре- ді. А. – өштесу, қастасу, ренжіп ұры- су әрекеттерінің айғағы. А-дың ша- рықтау шегі өштесіп-қастасып ұрысу, кейде тіпті аяғы төбелеспен бітеді. Араздасқан адамдардың ұнамсыз әрекеттері сырт пішіндерінен, көзқа- растарынан, сөз саптауларынан бай- қалады. Басараздық – жеке адамдар арасындағы өшпенділік. Психология- да А-ды адамдардың өзара жете түсінбеу салдарынан туындайтын адам- гершілікке жат қылықтар деп санайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *