АППЕРЦЕПЦИЯ

АППЕРЦЕПЦИЯ  апперцептио деген  лат.  сөздерінен  алынған. (Лат.

«ап» – үстеме жұрнақ, «перцепцио» – қабылдау. Қаз. қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді). Адамның психологиялық ахуалы мен оның өт- кендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын қабылдауда мұның маңызы ерекше. Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселер- ді қабылдауда танымдық өлшем қыз- метін атқарады. А. тұрақты және уақытша деп екіге бөлінеді. Тұрақты А. адамның қызығуы мен дүниета- нымына, мамандығы мен білім дең- гейіне байланысты болып отырады. Мыс., «түбір деген сөзді филолог пен биологтың, математик пен химиктің қабылдауы түрліше.

Уақытша А. адамның әртүрлі алда- нуы (иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады. Мұндай мәселені зерттеген неміс ғалымы Г.Лейбниц. А. ұғымы бір нәрсеге сананың шоғыр- ланып анық ерекше айқындайтын ахуалын білдіреді. Ал келесі неміс ғалымы В.Вундтың пайымдауынша, ойлаудың және психикалық үрдістер- дің барысын бағдарлайтын ішкі күш- ті білдіреді. А. – қабылдаудың адам- ның өткен тәжірибесінен, психика- лық іс-әрекетінің жалпы мазмұны мен оның жеке-дара ерекшеліктерінен тәуелділігін бейнелейтін қабылдау процесінің қасиеті. А. қабылдаудың тұлғалық деңгейін сипаттайды. А. қа- былданатын объекттің мағыналық қа- былдануын қамтамасыз ететін және оның ерекшеліктері жөнінде болжам- ды туғызуға мүмкіндік беретін инди- видтің өмірлік тәжірибесінің нәтиже- сі ретінде сипатталады.

А. келесі түрлері ажыратылады:

  • тұрақты А. – қабылдаудың тұл- ғаның тұрақты ерекшеліктерінен: дү- ниетанымы, сенімдері, білім деңгейі және т.б. тәуелділігі;
  • уақытша А. – жағдаяттық пайда болатын психикалық қалыптар: эмо- циялар, экспектациялар, бағдарлар жә- не т.б. көрініс табады.

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мұны уақыт- ша апперцепция дейді. А-ның уақыт- ша түріне А.С.Пушкиннің «Вурдалак» деген өлеңі жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде Ваня қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққанынан қара терге түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды. Өйткені, оның өзі осындай кереметтердің «бо- латындығына» сенетін.

М.Әуезов «Қыр әңгімелерінде» Жор- тар қарттың басынан кешкен бір оқи- ғаны былайша суреттейді. «Бейіттің іші әлгіден де жарық болып кетіп, ар- тынан бәсеңдегендей болды… құ- дай көрсетпесін – көзіме бұрын түсін көрмеген, атын естімеген бір пә- ле көрінді. Алғашқы көрген кезде «жал- мауыз» дедім. Нобайы адамға ұқса- майды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі бойы – қол сұғымдай шашы бұр- қырап тұр.. Көзіме түскен әсіресе қор- қынышты жері – аузы. Ырсиып, от болып, тістері ақсиып, сойдиып тұр екен. Аузынан кәдігідей от бүркіп тұр… өзге еш жері көрінбейді. Қа- раңғы бұрышта қып-қызыл от болып жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана көрінгендей болды.., тұрайын десем, буынымды баса алатын емес- пін… ақырып келіп, иығымнан бас салды…».

Жын-шайтан, пері, албасты дейтін ұғымдарға қатты сенетін адамға бейіт ішінде осындай «керемет» көріністерді туғызған жауыннан паналап жүрген екінші бір адамның әлсін-әлі жағып жүрген сіріңкесі екен. «Қорыққанға қос көрінеді» деген мәтел осындай адамдардың психологиясын өте жақ- сы көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *