АПАТИЯ – (грек. apatheia – қаз. бей- тараптық, қызықпаушылық) адамның өзіне және айналадағы болып жатқан- дарға төменгі белсенділікпен және теріс эмоциялық ойланулармен салғырт қарауы. 1) енжарлық, көңілсіздік. Өмір- ге немқұрайды қараудан, сезімнің то- пастанып, көмескіленуінен болады; Апатияға салынған адам туған-туыс- қандарына, жақын дос-жаранына сел- қос қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмо- циялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бас- тайды; 2) филос. стоиктерше, адам жанының сезімдерден, барлық құмар- лықтан жұрдай болуы; 3) эмоционалды немқұрайдылық, әрекетсіздік ахуал.