АНТРОПОЦЕНТРИЗМ

АНТРОПОЦЕНТРИЗМ – ақиқат- тың барлық құбылыстары мен процес- терін түсіндіруде ортаға адамды қою қажеттілігі жөніндегі философиядағы бір тұжырымдама. А. өкілдері келесі болжамға сүйенеді: биологиялық эво- люция заңдары бірыңғай және олар міндетті түрде әртүрлі планеталарда өзін-өзі танитын материяның жоғар- ғы түрі – адамның бар болуына әкеле- ді. Осы болжамға ғаламның саналы өркениеттерімен байланыс орнату мүм- кіндігі негізделеді. Инженерлік пси- хологияда (Инженерлік психология- ны қараңыз) орталықта мәшине бола- тын механоцентрлік тұжырымдама- ның орнына, алдыңғы орынға адам қойылатын антропоцентрлік тұжы- рымдама келді. Мәшине енді тек адам- ның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерін күшейтетін «қызмет- ші» рөлін атқаратын болды. Антропо- центрлік кешен – адам, компьютер, ор- та кіретін техникалық жүйе. А.к. бар- лық құрамдас компоненттері өзара ты- ғыз байланыста болып, бір-біріне әсер етеді. Адам А.к. орталық буыны бо- лып табылады. Осыған байланысты өндірісте, басқаруда, танымда, оқыту- да, ойында және т.б. аралас адамдық- мәшинелік жүйелер жасалады. А.к. қызмет етуінің негізгі принциптері – адамдық және техникалық компо- ненттердің бірлігі, тиімділік, гуманизация, сенімділік, еңбек субъектісінің оның барлық жағымды қасиеттері мен артықшылықтарымен бірге шешу- ші рөлі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *