АНТРОПОЛОГИЯ – адам жөнінде- гі ғылым. Бұл ғылымның әртүрлі түсініктері кездеседі: негізінен оны биологиялық (адамның және оның нә- сілдерінің пайда болуы мен оның ұйым- дасуының эволюциясы жөнінде) жә- не этнография, эволюциялық теория- лар, палеонтология, салыстырмалы пси- хология, нәсілтану және т.б. біріктіре- тін кешендік ғылым ретінде анықтай- ды. Америкалық антрополог Марга- рет Мид (1901-1978) А. – бұл адам мәселесі жөніндегі әртүрлі зерттеу- лерді синтездеуге болатын, жалғыз аумақ деген пікірді білдірген. Оның пі- кірі бойынша, А-ның негізгі міндеті гуманитарлық, жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар арасындағы ше- караны бұзу болуы қажет. Ол біздің нормалардан қатты ажыратылатын қоғамдарды зерттеу кезінде адамдар тек әртекті мәдениет қана шабыт бере алатын жеке-дара таңдау мен жалпыға ортақ шыдамдылықтың жоғарғы дең- гейіне жете алады деген үміт білдір- ген. Неміс философы Иммануил Кант өзінің «Антропология» атты кітабын- да (XVІІІ ғасырдың соңында жазы- лып, 1900 жылы Санкт-Петербургте аударылған) А. адамтану деп түсін- ген. Ол бұл ілімде адамның өмір кей- пін, гигиенасын, тәуліктік еңбек уа- қытын үйлесімді ету және адамның ішкі күштеріне (рух, ақыл-парасат, жауапкершілік сезімі, өзін-өзі реттеу және т.б.) көңіл бөлу арқылы аурулар- ды жеңіп, денсаулықты жасауға бола- ды деп жазған.
Оның жүйесінің негізгі қағидасы – өз күшін аямау, оларды той-думанмен және шамадан тыс жағдайды жасау- мен әлсіретпеу. Қоғамдық өмірдің құ- былыстарын табиғи пенде ретіндегі жеке адамдардың қасиеттері мен қа- жеттіліктерімен түсіндіру Л.Фейер- бахпен жасалынды. Ол А. әмбебап ғы- лым ретінде түсінді. Едәуір толық, бірақ ұстамды және кейбір кезде сын- дық көзқарасты біз Н.Г.Чернышев- скийден байқаймыз. А. философия, психология және педагогиканың кей- бір қазіргі заманғы бағыттарына (эк- зистенционализм, психоанализ және т.б) тән. Ангропометрия – антропо- логияның бөлімі мен әдісі; адам де- несінің және оның бөліктерінің мөл- шерін анықтау. А. мағлұматтарының негізінде киім, үй жиһазы және бас- қа да бұйымдардың мөлшері жөнінде нұсқаулар құрастырылады. Жұмыс орнының параметрлеріне деген талап- тар адам бойын, аяқ-қолдарының ұзын- дығы, иығы, табанының көлемі, қол саусақтарының және т.б. мөлшерін зерттеудің А-нан алынады. Неміс ан- тропологі Ф.Нолад бірнеше мың боз- балаларды зерттеп, мынадай қорытын- ды жасады: ата-ананың туған жерлері неғұрлым алшақ болса, соғұрлым ба- лаларының бойы ұзын болады.