АНТРОПОЛОГИЗМ – адам таби- ғат жаратылысының ең жоғарғы өні- мі болып табылатыны туралы түсі- нік, адам ұғымын, материя мен сана ұғымдарына қарағанда, мәні бойын- ша анағұрлым маңызды, негізгі дүние- танымдық категория ретінде санай- тын тұжырымдама. А. адам мен таби- ғаттың бірлігін, барлық қоғамдық құбылыстардың адамның табиғи қа- сиеттеріне тәуелділігін атап көрсете- ді. Революцияға дейінгі отандық (ке- ңестік) психологтар үшін А. тән болды, яғни олар тарихи және әлеуметтік өзгерістерді адамға, оның практи- калық пайдасына қатысты қарастырды, сонымен қатар, отандық психоло- гиядағы адамгершіліктік, этикалық мәселелердің басым болуын анықта- ды. Егер еуропалық психологияда тұлғадан жоғары біріктіруші бастау болып, ойлау, адам жанындағы рацио- налдылық мойындалса, ал отандық психология сананың тұлғадан жоға- ры элементтерінің болуын жоққа шы- ғармай, оларды негізінен адамгерші- лік те көріп, олардың жеке тұлғалар- мен емес, халықтармен, ұлттармен шы- ғарылғанын атап көрсетті.