АНКЕТА

АНКЕТА – зерттеудің негізгі мін- детімен логикалық түрде байланыс- ты сұрақтар жүйесінен тұратын ал- ғашқы әлеуметтік-психологиялық ақ- параттарды алудың әдістемелік құ- ралы. А. сұрау арқылы адамдардың үлкен топтарынан ақпарат алуға мүм- кіндік береді. Едәуір шынайы нәти- желер А. сұрақтарының дұрыс құрас- тырылуы және таңдамалы жинақтың жалпы популяцияны дұрыс бейнеле- уі нәтижесінде алына алады. А. құрас- тыру – зерттеудің негізгі болжамда- рын сұрақтар тіліне ауыстыру – күр- делі әрі көлемді еңбекті қажет ететін процедура. А. сұралушыға қатысты шынайы және мәселеге орай маңыз- ды мазмұнды алуды қамтамасыз етуі қажет.

Ғылыми құнды анкетаны құрастыру – көбінесе ұжымдық жұмыс. Құрасты- рудың бірінші кезеңі – А. мазмұнын анықтау. Ол сұралушының өмірлік тіршілігінің фактілері (оның білімі, азаматтық күй-қалпы, оның өткен шақтағы және қазіргі шақтағы әрекет- тері және т.б.) жөніндегі сұрақтардың жиынтығы болуы мүмкін. Егер, со- нымен қатар, пікірдің қарқындылы- ғын білу қажет болса, онда сұрақтар- ға бағалау шкаласы қоса беріледі. А. құрастырудың екінші кезеңі – сұ- рақтардың қажетті түрін таңдап алу. Сұрақтар ашық болуы мүмкін. Ашық сұрақтар мазмұны мен формасы бо- йынша сұралушының қалауына сай жауапты беруге мүмкіндік береді. Жа- бық сұрақтарда тек «иә» немесе «жоқ» деген жауаптарды беру талап етіледі. Функциялары бойынша сұрақтар не- гізгі немесе қосалқы, қадағалаушы не- месе нақтылаушы және т.б. болуы мүм- кін. Сұрақтың түрі жауаптың толық- тығына және шынайылығына әсер етеді. Сұрақтардың құрылымына ке- летін болсақ, олар қысқа, мағынасы бойынша анық, қарапайым, нақты және бірмәнді болуы қажет. А. құрас- тырудағы жиі кездесетін қателер: 1) жа- уаптың жасырын мәні; 2) тым қатты детализациялау; 3) сұрақтардың екі- мәнділігі; 4) сұрақтардың бір-бірінен айқын ажыратылу күшінің аздығы. Жақсы сұрақтар сенімділік пен валид- тіліктің әдеттегі критерийлеріне сәй- кес болуы қажет. А. құрастырудың соңғы кезеңі – қойылатын сұрақтар- дың саны мен ретін анықтау. Сұрақ- тардың бірізділігі анкеталық сұрау- дың түріне сәйкес әртүрлі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *