АНИМИЗМ (лат. anima – рух, жан) – адамдардың, жануарлардың өміріне, заттар мен қоршаған дүниенің құбы- лыстарына ықпал ететін-міс аруақ- тарға және рухтарға сену. Анимисти- калық түсініктер алғашқы қауымдық құрылыста пайда болды. Өндіргіш күштердің даму дәрежесінің төмен- дігі және осының салдарынан білім- дер қорының болмашы ғана болуы, адамның табиғаттың жат, жұмбақ сырлы болып көрінген дүлей күште- рінің алдындағы дәрменсіздігі А- нің пайда болуының негізгі себебі болды. Қоғам дамуының белгілі бір сатысында бұл күштерді кейіптеу оларды игерудің формасы болды. Ани- мистикалық түсінік бертінгі діни се- німдердің түп төркіні.